https://sputnik.kz/20260225/keshire-almadym-akesinen-tayaq-zhegen-buldirshinnin-qazirgi-zhagdayy-qanday-61435840.html
"Кешіре алмадым": әкесінен таяқ жеген бүлдіршіннің қазіргі жағдайы қалай
"Кешіре алмадым": әкесінен таяқ жеген бүлдіршіннің қазіргі жағдайы қалай
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда әкесінен таяқ жеп, ауыр жағдайда ауруханаға түскен Ақжарқынның қазіргі жағдайы жақсы, асыр салып ойнап жүр. Бұл... 25.02.2026, Sputnik Қазақстан
2026-02-25T13:29+0500
2026-02-25T13:29+0500
2026-02-25T13:32+0500
талдықорған
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда әкесінен таяқ жеп, ауыр жағдайда ауруханаға түскен Ақжарқынның қазіргі жағдайы жақсы, асыр салып ойнап жүр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға үш жасар бүлдіршіннің анасы Жадыра Жұмақанова айтып берді.Жадыра Жұмақанова екі баласымен Талдықорғандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау орталығында тұрып жатыр.Кішкентай Ақжарқын әкенің соққысын ұмытқан болар, асыр салып ойнап жүр."Денесінде көгерген дақтары кетті. Балалармен жүгіріп ойнап жүр, көңілді. Уақтылы демалады, қарны да тоқ. Қызыма қарап өзім де көңілді жүрмін", - дейді Жадыра.Күйеуінен хат-хабар жоқ.Жадыра Жұмақанова бағдарламашы мамандығы бойынша колледж бітірген. Баламен отырғандықтан тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаған.Жадыраның арманы - екі балапанымен тұратын баспана алу.Кішкентай Ақжарқын мен анасының жағдайын білу үшін Sputnik Қазақстан тілшісі Талдықорғандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау орталығына хабарласты."Бес уақыт тамақ, гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Арнайы бір бөлме бердік, медицина қызметкерлері мен психологтардың бақылауында", - дейді Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалармен қамту бөлімінің басшысы Сұңқар Қадіров.Жадыра Жұмақанова бұл жерде алты айға дейін тұра алады. Сұңқар Қадіров Жадыра сияқты тағдырдың тауқыметін көрген аналар саны артып бара жатқанын айтты.Еске сала кетейік, Талдықорғанда үш жасар Ақжарқынды әкесі мас күйде өлімші етіп сабап тастаған. Бұл кезде анасы душ қабылдап жатқан. Бүлдіршін одан бұрын бауыр церрозымен ауырып, Түркияда ота жасатып, жаны әрең қалған. Баласын ажал құштыра жаздаған озбыр әкенің әрекеті қазақстандықтарды дүр сілкіндірді.
https://sputnik.kz/20260204/zhadyra-men-adam-bolmaymyn-taldyqorganda-akesi-qyzyn-olimshi-etip-uryp-tastady-60903749.html
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
талдықорған
АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Талдықорғанда әкесінен таяқ жеп, ауыр жағдайда ауруханаға түскен Ақжарқынның қазіргі жағдайы жақсы, асыр салып ойнап жүр. Бұл туралы
Sputnik Қазақстанға үш жасар бүлдіршіннің анасы Жадыра Жұмақанова айтып берді.
Жадыра Жұмақанова екі баласымен Талдықорғандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау орталығында тұрып жатыр.
"Өзімнің басымда баспанам жоқ, анамның үйі апатты жағдайда. Сол себепті осы жерге келіп орналастым. Жағдайымыз жақсы, көңіліміз сергіп, қалыпқа келе бастадық", - дейді Жадыра Жұмақанова.
Кішкентай Ақжарқын әкенің соққысын ұмытқан болар, асыр салып ойнап жүр.
"Денесінде көгерген дақтары кетті. Балалармен жүгіріп ойнап жүр, көңілді. Уақтылы демалады, қарны да тоқ. Қызыма қарап өзім де көңілді жүрмін", - дейді Жадыра.
"Ойлап кетсем жүрегім әлі күнге ауырады. Әлі де кешіре алмадым, ол да хабарласпады. Алдыма келіп кешірім сұраса да райымнан қайтуым екіталай. Оны кешірсем, демек өзім кінәлімін деген сөз", - дейді ана.
Жадыра Жұмақанова бағдарламашы мамандығы бойынша колледж бітірген. Баламен отырғандықтан тұрақты жұмыс істеуге мүмкіндігі болмаған.
Жадыраның арманы - екі балапанымен тұратын баспана алу.
"Балаларымның бірі үш жарым, екіншісі екі жарым жаста. Аман-есен өсіріп, балабақшаға орналастырып, өзім де жұмыс істесем, баспана алсам деймін", - дейді Ақжарқынның анасы.
Кішкентай Ақжарқын мен анасының жағдайын білу үшін Sputnik Қазақстан тілшісі Талдықорғандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау орталығына хабарласты.
"Бес уақыт тамақ, гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді. Арнайы бір бөлме бердік, медицина қызметкерлері мен психологтардың бақылауында", - дейді Талдықорған қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалармен қамту бөлімінің басшысы Сұңқар Қадіров.
Жадыра Жұмақанова бұл жерде алты айға дейін тұра алады. Сұңқар Қадіров Жадыра сияқты тағдырдың тауқыметін көрген аналар саны артып бара жатқанын айтты.
"Өкінішке қарай зорлық-зомбылық көрген әйелдер саны артып барады. Былтыр бұл орталықта 36 әйел болса, биыл қазірдің өзінде 45 әйел тұрып жатыр. Менің ойымша, әйелдердің шыдамы таусылды. Әйелдер әбден қажып, көздері ашылды деп ойлаймын", - дейді Сұңқар Қадіров.
Еске сала кетейік, Талдықорғанда үш жасар Ақжарқынды әкесі мас күйде
өлімші етіп сабап тастаған. Бұл кезде анасы душ қабылдап жатқан. Бүлдіршін одан бұрын бауыр церрозымен ауырып, Түркияда ота жасатып, жаны әрең қалған. Баласын ажал құштыра жаздаған озбыр әкенің әрекеті қазақстандықтарды дүр сілкіндірді.