Қашаған газ өңдеу зауыты жобасын іске асыру басталды

© министерство энергетики Республики КазахстанМесторождение Кашаган
Месторождение Кашаган - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
Жоба стратегиялық маңызға ие және үкіметтің ерекше бақылауында тұр
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Қазақстанда 2,5 млрд текше метрлік Қашаған газ өңдеу зауыты жобасын іске асыру басталды. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов "QazaqGaz" ҰК" АҚ, "PSA" ЖШС, NCOC компаниясы акционерлерінің басшылығы қатысқан кеңесте айтты.
Министр газ өңдеу зауытын салу жобасының еліміздің газ саласын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие екенін және үкіметтің ерекше бақылауында тұрғанын атап өтті.
EPC-мердігері ретінде China National Chemical Engineering Sixth Construction Company Kazakhstan Branch және China Wuhuan Engineering Corporation Ltd компанияларынан құралған консорциум айқындалды.
"Ерлан Ақкенженов жобаға қатысушы барлық тарапқа жұмысты тиімді үйлестіруді және жобаны іске асыру мерзімін сақтауды тапсырды", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Сондай-ақ "QazaqGaz" ҰК" АҚ-на жобаны іске асыру барысы, қабылданып жатқан шаралар және туындаған мәселелер туралы ақпаратты жедел түрде шешу үшін Энергетика министрлігіне ай сайын ұсынып отыру тапсырылды.
Газ құбыры - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Қазақстан мен Ресей Қытайға тартылатын газ құбырын талқылап жатыр
Жаңалықтар
0