https://sputnik.kz/20260528/qazaqstan-men-resey-qytayga-tartylatyn-gaz-qubyryn-talqylap-zhatyr-63758365.html
Қазақстан мен Ресей Қытайға тартылатын газ құбырын талқылап жатыр
Қазақстан мен Ресей Қытайға тартылатын газ құбырын талқылап жатыр
Sputnik Қазақстан
Құбыр желісі арқылы Қазақстан өз өңірлерін газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр 28.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-28T11:32+0500
2026-05-28T11:32+0500
2026-05-28T11:32+0500
қазақстан
ресей
қытай
https://sputnik.kz/img/07e9/02/14/51007970_0:33:3029:1738_1920x0_80_0_0_ba9c4d96db047272e77f3e947b35b9ec.jpg
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Астанада V Еуразиялық экономикалық форум басталды.Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Форум аясында Қазақстан Ресеймен бірлесіп газ құбыры мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит тиімді болады.Сондай-ақ ол Қазақстан енді республиканың солтүстік және шығыс өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз ете алатынын айтты.Былтыр қыркүйекте Газпром Қытаймен "Сібір күші - 2" газ құбырын және Моңғолия арқылы өтетін әрі жылына 50 миллиард текше метр қуаттылығы бар "Одақ – Шығыс" транзиттік газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойған болатын.Биыл мамырда Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Қытаймен "Сібір күші - 2" жобасы бойынша келісімдер аяқталуға жақын екенін, қазіргі таңда келісімшарттың техникалық пысықталуы жүріп жатқанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260528/qazaqstan-lukoyl-kompaniyasymen-kelissozder-zhurgizip-zhatqan-zhoq---aqkenzhenov-63756782.html
қазақстан
ресей
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/14/51007970_300:0:3029:2047_1920x0_80_0_0_09037172965202f163ff5d02df097130.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, ресей, қытай
Қазақстан мен Ресей Қытайға тартылатын газ құбырын талқылап жатыр
Құбыр желісі арқылы Қазақстан өз өңірлерін газбен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Астанада V Еуразиялық экономикалық форум басталды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Форум аясында Қазақстан Ресеймен бірлесіп газ құбыры мәселесін талқылап жатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзит тиімді болады.
"Біз "Сібір күші - 2" деп аталатын жобаны талқылай бастадық, бірақ оның жұмыс атауы басқа. Бұл — Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жеткізілетін газ құбыры, ол жылына 35 миллиард текше метрге дейін газ жеткізеді. Қазақстан Республикасы ретінде біз транзиттің өз аумағымыз арқылы өткенін қалаймыз. Ол үшін біз барлық жағдай мен кепілдікті ұсынуға дайынбыз, сондай-ақ Қазақстан аумағында қосымша газ тұтыну да болады", — деді министр.
Сондай-ақ ол Қазақстан енді республиканың солтүстік және шығыс өңірлерін көгілдір отынмен қамтамасыз ете алатынын айтты.
Былтыр қыркүйекте Газпром Қытаймен "Сібір күші - 2" газ құбырын және Моңғолия арқылы өтетін әрі жылына 50 миллиард текше метр қуаттылығы бар "Одақ – Шығыс" транзиттік газ құбырын салу туралы меморандумға қол қойған болатын.
Биыл мамырда Ресей Федерациясы премьер-министрінің орынбасары Александр Новак Қытаймен "Сібір күші - 2" жобасы бойынша келісімдер аяқталуға жақын екенін, қазіргі таңда келісімшарттың техникалық пысықталуы жүріп жатқанын мәлімдеді.