Министр көмір электр станциялары салынатын өңірлерді атады

Көмір - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2026
Жазылу
Бұл жобалар электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты жабу қажет
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жаңа көмір станциялары салынатын өңірлерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда 2030 жылға көмір генерациясын дамыту ұлттық жобасы бар. Соның аясында көмір өнеркәсібін дамыту жоспары да әзірленеді.
"Екібастұз, Курчатов, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа көмір энергия көздерін салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты жабу және Біртұтас электр энергетикалық жүйенің сенімділігін арттыру үшін қажет”,-деді Ақкенженов көмір өнеркәсібінің форумында.
Министрдің айтуынша, көмір генерациясы шаң мен газ тазарту жүйелерін қолдана отырып, жүзеге асырылуға тиіс.
Жел электр станциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Ақтөбе облысында жаңа жел электр станциясы салынады
Жаңалықтар
0