https://sputnik.kz/20260611/shymkent-ekonomikasyna-8595-milliard-tenge-investitsiya-quyyldy--syzdyqbekov-64061667.html
Шымкент экономикасына 859 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды – Сыздықбеков
Шымкент экономикасына 859 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды – Сыздықбеков
Sputnik Қазақстан
Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылды 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T18:47+0500
2026-06-11T18:47+0500
2026-06-11T18:47+0500
шымкент
экономика
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0b/64061360_65:0:1215:647_1920x0_80_0_0_bb3f7ed57bd60ac3b19dcb4e7ad05174.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлады Ақорда.Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 5,7 триллион теңгеге жетіп, 11 пайызға ұлғайды. Шымкент аталған көрсеткіш арқылы өңірлер арасында екінші орын иеленіп отыр.Оның айтуынша белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 133 мыңға жетіп, олар шығарған өнім көлемі 4,7 триллион теңгені құрады. Оның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 41 пайыздан 56 пайызға артты.Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 10,4 пайызға өсті. Бұл өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларында байқалды.Мемлекет басшысына бұған дейінгі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.Мемлекет басшысы Шымкент қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260504/shymkent-munay-ondeu-zauytynda-zhosparly-zhondeu-zhumystary-satti-ayaqtaldy-63150139.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/0b/64061360_209:0:1072:647_1920x0_80_0_0_a550070c852dce5de3eecaf73228a569.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, экономика
Шымкент экономикасына 859 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды – Сыздықбеков
Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылды
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді, деп хабарлады Ақорда.
Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, былтыр өңірлік жалпы өнім көлемі 5,7 триллион теңгеге жетіп, 11 пайызға ұлғайды. Шымкент аталған көрсеткіш арқылы өңірлер арасында екінші орын иеленіп отыр.
"2025 жылы шаһар экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция құйылды, оның 72 пайызы жекеге тиесілі. Жалпы өсім – 7,5 пайыз. Соңғы үш жылда өнеркәсіп саласында құны 170 миллиард теңге болатын 50 жоба іске қосылып, 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды", - деді әкім.
Оның айтуынша белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 133 мыңға жетіп, олар шығарған өнім көлемі 4,7 триллион теңгені құрады. Оның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 41 пайыздан 56 пайызға артты.
Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 10,4 пайызға өсті. Бұл өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларында байқалды.
Мемлекет басшысына бұған дейінгі тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат берілді.
"Қазіргі уақытта 200 орынға шақталған заманауи перинаталдық орталық салынуда. Сондай-ақ биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған. 35 мың жанкүйер сыятын заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылыстары жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды қала басшысы.
Мемлекет басшысы Шымкент қаласын одан әрі дамыту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында бірқатар нақты тапсырма берді.