Шымкент мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз"Шымкентский НПЗ
Шымкентский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2026
Жазылу
Келесі ауқымды жұмыстар тек 2030 жылы жүргізіледі
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Шымкент мұнай өңдеу зауытында биыл 27 наурызда басталған жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлады "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС.
Кәсіпорын жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын Энергетика министрлігі бекіткен кестеде көзделген мерзімнен үш күн бұрын аяқтады.
"Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі 22 сәуірде, ал терең өңдеу өндірісі 2 мамырда жұмыс режиміне көшті. Жоспарлы алдын алу жұмыстары аясында 573 бірліктен астам жабдыққа және 170 құбырға куәландыру жасалды. Сондай-ақ ЭЛТҚ-АТ, дизель отынын гидротазалау және каталитикалық крекинг қондырғыларын қоса алғанда, негізгі пештермен агрегаттарға күрделі жөндеу жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Жұмыстарға 2000-нан астам маман, 222 арнайы техника жұмылдырылды.
Кәсіпорын жөндеу жұмыстары кезінде алдын ала жасақталған қор есебінен мұнай өнімдерін тұрақты жеткізіп отырды.
Кәсіпорын кеңейтілген жөндеуаралық кезеңіне өтті. Келесі ауқымды жұмыстар тек 2030 жылы жүргізіледі. 2028 жылы жекелеген қондырғылардың қысқа мерзімді ағымдағы жөндеуі көзделген.
В Казахстане начинается реализация нефтегазового проекта по освоению месторождений Каламкас-море и Хазар  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2026
Қазақстан наурызда мұнай өндіруді тәулігіне 250 мың баррельге арттырды – ОПЕК
Жаңалықтар
0