https://sputnik.kz/20260611/senat-raqymshylyq-turaly-zandy-maquldady-64056057.html
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
Sputnik Қазақстан
Рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді әрбір сотталғанға қатысты сот жеке-жеке қабылдайды 11.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-11T16:16+0500
2026-06-11T16:16+0500
2026-06-11T16:18+0500
рақымшылық: бола ма, жоқ па
қазақстанның жаңа конституциясы
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f67d7a0e4071d498b2110d6f193d8560.jpg
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Сенаторлар "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.Заңға сәйкес, азаматтарды айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан толық босату қарастырылған. Олар:Қазақстан азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар;Әкімшілік рақымшылық сот салған айыппұлдарға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарға қолданылмайды. Әкімшілік рақымшылыққа шамамен 1 млн адам ілігеді.Ал қылмыстық рақымшылық азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстарға ғана қолданылады. Олар:Ал ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріледі. Бірақ аса қауіпті қылмыстар жасағандар рақымшылыққа ілікпейді.Рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді әрбір сотталғанға қатысты сот жеке-жеке қабылдайды.Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді. Олардың ішінде 5 мың адам түрмеде, қалғаны пробациялық бақылауда жүр.Айта кетері, алдағы рақымшылықтың бұған дейінгі ізгілік шараларынан ерекшелігі сол, Қазақстанда тұңғыш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық жүзеге асырылады.
https://sputnik.kz/20260603/qylmystyq-raqymshylyq-turmeden-qansha-adam-bosatylady-63888645.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43713673_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_72c96b1ef361e94a77ee4bda565f059d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рақымшылық: бола ма, жоқ па, қазақстанның жаңа конституциясы
рақымшылық: бола ма, жоқ па, қазақстанның жаңа конституциясы
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
16:16 11.06.2026 (жаңартылды: 16:18 11.06.2026) Рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді әрбір сотталғанға қатысты сот жеке-жеке қабылдайды
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Сенаторлар "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдауға байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.
"Заңдар аясында тоқтатылатын және жазадан босатылатын істердің санаттары айқындалды. Бірқатар санат бойынша жаза мерзімі қысқартылады. Әкімшілік рақымшылық ел тарихында алғаш рет жүзеге асырылатынын да ерекше атап өткен жөн", – деді палата спикері Мәулен Әшімбаев.
Заңға сәйкес, азаматтарды айыппұл түріндегі әкімшілік жазадан толық босату қарастырылған. Олар:
Қазақстан азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар;
адвокаттар мен заң консультанттары.
Әкімшілік рақымшылық сот салған айыппұлдарға, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарға қолданылмайды.
Әкімшілік рақымшылыққа шамамен 1 млн адам ілігеді.Ал қылмыстық рақымшылық азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстарға ғана қолданылады. Олар:
қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар;
зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе келтірілген зиянды толық өтеген орташа ауыр қылмыстар.
Ал ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріледі. Бірақ аса қауіпті қылмыстар жасағандар рақымшылыққа ілікпейді.
Рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді әрбір сотталғанға қатысты сот жеке-жеке қабылдайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес,
қылмыстық рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді. Олардың ішінде 5 мың адам түрмеде, қалғаны пробациялық бақылауда жүр.
Айта кетері, алдағы рақымшылықтың бұған дейінгі ізгілік шараларынан ерекшелігі сол, Қазақстанда тұңғыш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық жүзеге асырылады.