Қылмыстық рақымшылық: түрмеден қанша адам босатылады

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Қылмыстық рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді. Оның 5 мыңы қазір түрмеде отыр
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Мәжілісте қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа қатысты заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қылмыстық рақымшылық азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстарға ғана қолданылады. Олар:
қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар;
зиян келтіруге әкеп соқпаған немесе келтірілген зиянды толық өтеген орташа ауыр қылмыстар.
Ал ауыр қылмыстар және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқартуға мүмкіндік беріледі. Бірақ аса қауіпті қылмыстар жасағандар рақымшылыққа ілікпейді.
"Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, террористік және экстремистік қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, азаптаулар жасағандарға, қылмыстардың қайталануы, яғни, рецидив кезінде, қоғамдық қауіптілігі жоғары деңгейдегі қылмыстар, жақында криминализацияланған іс-әрекеттер жасағандарға, сондай-ақ сырттай сотталған адамдарға рақымшылық қолданылмайды", - деді депутат Абзал Құспан мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал рақымшылық жасау туралы түпкілікті шешімді әрбір сотталғанға қатысты сот жеке-жеке қабылдайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық рақымшылыққа 15 мың адам ілігеді. Олардың ішінде 5 мың адам түрмеде, қалғаны пробациялық бақылауда жүр.
"Түрмеден 1,5 мың адам босатылады. Қалғандарының жазасы қысқартылады", - дейді министрлік мамандары.
Айта кетері, алдағы рақымшылықтың бұған дейінгі ізгілік шараларынан ерекшелігі сол, Қазақстанда тұңғыш рет қылмыстық рақымшылықпен қатар әкімшілік рақымшылық жүзеге асырылады. Мәжіліс бүгін заңды бірден екі оқылымда қабылдауды жоспарлап отыр.
Түрме - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2026
Қазақстанда алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланады
Жаңалықтар
0