Бордақылау алаңдарында жасанды интеллект енгізіледі

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиКоровы на животноводческой ферме
Коровы на животноводческой ферме  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2026
Жазылу
Ақмола облысында бордақылау алаңдарын цифрландыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады
АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде мал шаруашылығын цифрландыру бағытында жаңа жоба іске асырылмақ. Жоба аясында бордақылау алаңдарында жасанды интеллектке негізделген технологиялар енгізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.
Үкімет өкілдері мен канадалық TELUS Agriculture компаниясы арасындағы келіссөз барысында мал шаруашылығы өндірісін тиімді басқару, жем шығынын азайту және өнімділікті арттыру мәселелері талқыланды.
Жоба аясында ірі бордақылау алаңдары пилоттық цифрлық жүйелерді сынақтан өткізу алаңы ретінде қарастырылып отыр. Бұл жүйелер малдың салмағын, азықтану процесін және жалпы өнімділікті нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
Қазақстан ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл бастама агросекторды дәстүрлі тәсілден заманауи технологияларға көшірудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
Канадалық тараптың мәліметінше, мұндай цифрлық шешімдер енгізілген шетелдік тәжірибеде жемді пайдалану тиімділігі артып, малдың орташа салмағы едәуір жоғарылаған.
Келіссөз қорытындысы бойынша Ақмола облысында бордақылау алаңдарын цифрландыруға бағытталған пилоттық жоба іске қосылады. Жоба сәтті болса, жасанды интеллект технологиялары еліміздің басқа да мал шаруашылығы кешендеріне енгізілмек.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Тоқаев жасанды интеллект технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты
Жаңалықтар
0