Тоқаев жасанды интеллект технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты

© Photo : Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Жазылу
Электронды цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтты
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО аясында жасанды интеллект технологиясын енгізуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің ойынша, жаңа технологияларды, әсіресе, жасанды интеллектіні сауда және логистика саласына белсенді енгізу аса маңызды.
"Кедендік рәсімдерді жеделдету мақсатында ұлттық цифрлық жүйелердің байланысын күшейткен жөн. Бұл нақты уақыт режимінде барлық құжатты тез өңдеуге, кедергілерді анықтауға және жүк ағындарын болжауға мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.
Электронды цифрлық қолтаңбаны өзара тану бизнес шығындарын айтарлықтай азайтып, ЕАЭО кеңістігіндегі алыс-берісті арттыруға көмектеседі.
"Өнеркәсіп кооперациясын кеңейтуде жасанды интеллектінің сараптамалық әлеуетін пайдаланудың практикалық маңызы зор. Елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін агроөнеркәсіп кешеніне интеллектуалды жүйелерді енгізуге басымдық беру қажет", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Касым-Жомарт Токаев на Евразийском экономическом форуме - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2026
Әлемдегі жұмыс орындарының 40%-ы қысқаруы мүмкін – Тоқаев
Жаңалықтар
0