https://sputnik.kz/20260610/zeynetaqy-zhardemaqy-zhane-basqa-da-tolemderge-59-trln-tenge-zhumsaldy--ertaev-64038070.html
Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерге 5,9 трлн теңге жұмсалды – Ертаев
Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерге 5,9 трлн теңге жұмсалды – Ертаев
Sputnik Қазақстан
Ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды 10.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-10T18:27+0500
2026-06-10T18:27+0500
2026-06-10T18:27+0500
зейнетақы
жәрдемақы
атаулы әлеуметтік көмек
әлеуметтік көмек
материалдық көмек
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев президентке ведомствоның 2025 жылы және биылғы бес айда атқарған жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлады Ақорда.Асқарбек Ертаев мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалып жатқанын айтты.Оның айтуынша, биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған. Жыл соңына дейін мүгедектікті белгілеуге арналған цифрлық талдау тетігін енгізу жоспарланып отыр.Ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды.Электронды форматта 6,7 миллион еңбек шарты жасалған. Мекемелердің 118 мыңнан аса жұмыскері міндетті сақтандыру шартымен қамтылды.Еңбек инспекторларының көмегімен 22 мыңнан аса жұмыскердің құқығы қорғалды.Мемлекет басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, еліміздің аймақтарында 7 жаңа оңалту орталығын ашу міндетін қойды. Сондай-ақ саланы одан әрі цифрландыру, еңбек адамының құқығын қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және әлеуметтік масылдықпен күрес жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.
https://sputnik.kz/20260606/zeynetaqy-zhinagynyn-zhetkiliktilik-shegi-osti-ministrlik-malimdeme-zhasady-63961963.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік көмек, материалдық көмек
зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік көмек, материалдық көмек
Зейнетақы, жәрдемақы және басқа да төлемдерге 5,9 трлн теңге жұмсалды – Ертаев
Ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев президентке ведомствоның 2025 жылы және биылғы бес айда атқарған жұмысы туралы есеп берді, деп хабарлады Ақорда.
Асқарбек Ертаев мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік міндеттемелер толығымен орындалып жатқанын айтты.
"2025 жылы зейнетақы, базалық жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге 5,9 триллион теңге жұмсалды. Биылғы бес айда бұл көрсеткіш 2,7 триллион теңгені құрады", - деді министр.
Оның айтуынша, биыл 12 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі азамат еңбекке тартылған. Жыл соңына дейін мүгедектікті белгілеуге арналған цифрлық талдау тетігін енгізу жоспарланып отыр.
Ел көлемінде 201 мыңға жуық азамат, соның ішінде 74,9 мың жас жұмыспен қамтылды.
"Биыл лайықты жалақы төлеп, әлеуметтік аударымдарды үзбейтін әрі еңбек қауіпсіздігін сақтайтын тұрақты және орнықты жұмыс орындарының санын 3,1 миллионға дейін жеткізу міндеті қойылды", - деп толықтырды Ертаев.
Электронды форматта 6,7 миллион еңбек шарты жасалған. Мекемелердің 118 мыңнан аса жұмыскері міндетті сақтандыру шартымен қамтылды.
Еңбек инспекторларының көмегімен 22 мыңнан аса жұмыскердің құқығы қорғалды.
Мемлекет басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырып, еліміздің аймақтарында 7 жаңа оңалту орталығын ашу міндетін қойды. Сондай-ақ саланы одан әрі цифрландыру, еңбек адамының құқығын қорғау, мұқтаж жандарға көмек көрсету және әлеуметтік масылдықпен күрес жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.