https://sputnik.kz/20260610/qyzylordada-qudyqtan-er-adamnyn-mayiti-tabyldy-64031012.html
Қызылордада құдықтан ер адамның мәйіті табылды
Қызылордада құдықтан ер адамның мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Марқұмның өліміне күдікті ретінде 16 жастағы туған інісі ілініп отыр 10.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-10T13:23+0500
2026-06-10T13:23+0500
2026-06-10T13:24+0500
қызылорда
қылмыс
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында құдықтан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.20 жастағы Мейіржан Рүстемнің денесі құдықтан табылды. Түнде ұйқыға жатқан жігітті таң ата туыстары орнынан таппаған. Бірден іздеуге кіріскен туыстары жігіттің денесін бір тәуліктен кейін ғана табады.Марқұмның өліміне күдікті ретінде 16 жастағы туған інісі ілініп отыр. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға болардан бұрын үйде бірнеше рет ақша жоғалған. Марқұм жігіт ол үшін інісін кіналап, ескерту айтып, тәрбиелемек те болған. Қайғылы жағдайға ағайынды екі жігіттің арасындағы жанжал себеп болған деген болжам бар. Алайда бұған туыстарының күмәні бар. Айтуларынша, жігіттің өліміне басқа адамдар кінәлі.Полиция қылмыстық іс қозғады.Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260606/oskemende-dukenderdin-birinin-zhanynan-ayeldin-mayiti-tabyldy-63961572.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда, қылмыс, тергеу
қызылорда, қылмыс, тергеу
Қызылордада құдықтан ер адамның мәйіті табылды
13:23 10.06.2026 (жаңартылды: 13:24 10.06.2026) Марқұмның өліміне күдікті ретінде 16 жастағы туған інісі ілініп отыр
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында құдықтан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
20 жастағы Мейіржан Рүстемнің денесі құдықтан табылды. Түнде ұйқыға жатқан жігітті таң ата туыстары орнынан таппаған. Бірден іздеуге кіріскен туыстары жігіттің денесін бір тәуліктен кейін ғана табады.
Марқұмның өліміне күдікті ретінде 16 жастағы туған інісі ілініп отыр.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға болардан бұрын үйде бірнеше рет ақша жоғалған. Марқұм жігіт ол үшін інісін кіналап, ескерту айтып, тәрбиелемек те болған. Қайғылы жағдайға ағайынды екі жігіттің арасындағы жанжал себеп болған деген болжам бар. Алайда бұған туыстарының күмәні бар. Айтуларынша, жігіттің өліміне басқа адамдар кінәлі.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"1 маусымда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамалды", - дейді Қызылорда облысының полиция департаментінде.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.