Өскеменде дүкендердің бірінің жанынан әйелдің мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековРука человека
Рука человека - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
Жазылу
Қайғылы оқиға 4 маусымда болған
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Өскемен қаласында сауда үйінің маңынан әйел адамның мәйіті табылды.
Қайғылы оқиға 4 маусымда болған.
Облыстық полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасынан белгісіз әйелдің мәйіті туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына қалалық полиция бөлімінің тергеу тобы жіберілді.
"Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.
Әйелдің нақты көз жұму себебі сот-медициналық сараптама қорытындысынан кейін белгілі болмақ.
Курение, сигареты - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.03.2026
Оралда жатақханадан ер адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар
0