https://sputnik.kz/20260610/qazaqstanda-nekege-turatyndar-sany-azayyp-zhatyr-64032412.html
Қазақстанда некеге тұратындар саны азайып жатыр
Қазақстанда некеге тұратындар саны азайып жатыр
Sputnik Қазақстан
Ал ажырасу соңғы жеті жылда ең жоғары деңгейге жетті 10.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-10T15:01+0500
2026-06-10T15:01+0500
2026-06-10T15:01+0500
неке
ажырасу
қазақстан
https://sputnik.kz/img/398/92/3989263_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_32b8e0597b755ccb95adfa53d3506705.jpg
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Қазақстанда неке құратындар саны 20 жыл ішінде ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, деп хабарлайды Finprom.kz.Қазақстанда неке саны азайып келеді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 21,6 мың неке тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ке аз.Ал ажырасу саны керісінше артып жатыр. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 11,2 мың неке бұзылды. Былтыр дәл осы уақытта 10,2 мың отбасы ажырасқан. Бұл соңғы жеті жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Жалпы ажырасу деңгейі әлем бойынша артып келеді, былтыр Жапон елі көшбастаған.Қазақстандағы неке мен ажырасудың негізгі бөлігі қалалық жерлерге тиесілі. 2026 жылдың бірінші тоқсанында қалаларда 14,5 мың неке тіркелді, ал ауылда 7,1 мың неке. Бір жыл ішінде қалаларда неке саны 1,4%-ке, ал ауылдарда бірден 8,8%-ке азайды.Ал ажырасатындар да қалалық жердегілер. Биыл қаңтар-наурыз айларында қалаларда 8,4 мың, ауылдық жерлерда 2,8 мың неке бұзылды.Биыл Алматы мен Астана, Түркістан облыстарында көп неке қиылған. Ал Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысында керісінше биыл некеге тұрғандар саны тым аз.Ажырасатындарға келсек, Ұлытау, Қостанай және Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Ал Түркістан облысында ажырасатындар тым аз.
https://sputnik.kz/20260415/qazaqstanda-neke-saqinalary-qymbattady-62670485.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/398/92/3989263_106:0:1814:1281_1920x0_80_0_0_52028aeba5c85e0ca2e67ff614fc9725.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
неке, ажырасу, қазақстан
Қазақстанда некеге тұратындар саны азайып жатыр
Ал ажырасу соңғы жеті жылда ең жоғары деңгейге жетті
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Қазақстанда неке құратындар саны 20 жыл ішінде ең төменгі деңгейге дейін қысқарды, деп хабарлайды
Finprom.kz.
Қазақстанда неке саны азайып келеді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 21,6 мың неке тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ке аз.
Ал ажырасу саны керісінше артып жатыр. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 11,2 мың неке бұзылды. Былтыр дәл осы уақытта 10,2 мың отбасы ажырасқан. Бұл соңғы жеті жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Жалпы ажырасу деңгейі әлем бойынша артып келеді, былтыр Жапон елі көшбастаған.
Қазақстандағы неке мен ажырасудың негізгі бөлігі қалалық жерлерге тиесілі. 2026 жылдың бірінші тоқсанында қалаларда 14,5 мың неке тіркелді, ал ауылда 7,1 мың неке. Бір жыл ішінде қалаларда неке саны 1,4%-ке, ал ауылдарда бірден 8,8%-ке азайды.
Ал ажырасатындар да қалалық жердегілер. Биыл қаңтар-наурыз айларында қалаларда 8,4 мың, ауылдық жерлерда 2,8 мың неке бұзылды.
Биыл Алматы мен Астана, Түркістан облыстарында көп неке қиылған. Ал Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысында керісінше биыл некеге тұрғандар саны тым аз.
Ажырасатындарға келсек, Ұлытау, Қостанай және Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Ал Түркістан облысында ажырасатындар тым аз.