Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады

© Pixabay / congerdesign Неке жүзігі
Неке жүзігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.04.2026
Жазылу
Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы әсіресе Ұлытау облысында қатты қымбаттаған
АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда неке сақиналары қымбаттады, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
Наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5% өссе, жылдық мәнде 45% қымбаттаған.
Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелді – 14,5%, Шымкентте – 29%, Астанада – 29,9%. Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында ең қатты қымбаттаған – бір жылдағы өсім 71%.
Сонымен қатар Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді, дейді мамандар.
2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7% өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.
Шай - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2026
Қазақстанның қай өңірінде шай арзан - статистика
Жаңалықтар
0