Бюджеттің қыруар қаржысы есепшоттарда игерілмей жатады - Смайылов

© Sputnik / Санат ИмангалиевБюджет
Бюджет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Жазылу
Биыл квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік сатып алу аясында тағы да 1,4 трлн теңге алған
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Жоғары аудиторлық палата квазимемлекеттік компаниялардың есепшотында игерілмей жатқан қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, квазимемлекеттік секторға жыл сайын бөлінетін қаржының көлемі артып келеді. Мәселен, былтыр 812 млрд теңге бөлінген болатын.
"Алайда жылдың аяғында олардың есепшоттарында игерілмеген 43 млрд теңге қалды. Оған орындаушылық тәртіптің жеткіліксіздігі мен тиісті мемлекеттік органдар тарапынан бақылаудың әлсіздігі себеп болды деп есептейміз", - деді Смайылов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Биыл квазимемлекеттік сектор субъектілері мемлекеттік сатып алу аясында тағы да 1,4 трлн теңге алған. Бірақ қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы талап етілмеген қалдықтардың көлемі қомақты.
"Біріншіден, бюджеттік процесті толығымен цифрландыру қажет. Сонымен қатар, қазынашылық сүймелдеуді күшейту керек", - деді палата төрағасы.
Қаржы министрлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
"Қауіпсіз деңгейде": қаржы министрі мемлекеттік қарыздың көлемін айтты
Жаңалықтар
0