Ақтөбе облысында жол апатынан сегіз адам жарақат алып, екеуі көз жұмды

© Photo : Stefan SchweihoferЖол апатының белгісі
Жол апатының белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Жазылу
Оқиға "Ақтөбе – Астрахань" автожолының 240-шақырымында болды
АСТАНА, 10 маусым - Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға 9 маусымда сағат 15:20 шамасында "Ақтөбе – Астрахань" автожолының 240-шақырымында болды.

"Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылы маңында DAF маркалы жүк көлігі мен Toyota Camry маркалы екі жеңіл автокөлік жол апатына түсті. DAF көлігі Түрікменстан мемлекетінде тіркелген", - дейді полицияда.

Оқиға салдарынан Toyota Camry автокөліктерінің бірі өртенді. Жол апаты салдарынан екі адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ сегіз адам түрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем қызметі арқылы Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Сарайшық көпіріндегі жантүршігерлік жол апаты: кінәлі жүргізуші сотталды
Жаңалықтар
0