Сарайшық көпіріндегі жантүршігерлік жол апаты: кінәлі жүргізуші сотталды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Жазылу
Сот үкім шығарар кезде сотталушы кінәсін мойындағанын ескерді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астанадағы Сарайшық көпірінде екі адамның өліміне себепкер болған ер адам бес жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық сотқа сілтеме жасап.
Сот материалына сәйкес, Қ. есімді жүргізуші Сарайшық көпірі арқылы Момышұлы көшесіне қарай бара жатып, жол жағдайын ескермеген және көлік жылдамдығын төмендетпеген. Салдарынан ол көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
"Салдарынан жүргізуші С.-ның басқаруындағы автокөлікпен соқтығысып, сол көлікте болған екі жолаушы қаза тапқан", - деп жазылған хабарламада.
Сот оның кінәсін мойындағанын, жасаған ісіне шын жүректен өкінгенін және жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды толық өтегенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Сондай-ақ марқұмдардың туыстарынан кешірім алғаны анықталды. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Осыны ескере отырып, сот Қ.-ны кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасын кесті.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2025
Абай облысында 6 баланы қағып кеткен жүргізуші 9 жылға сотталды
Жаңалықтар
0