https://sputnik.kz/20260609/bzzhq-20-zhastagy-adamnyn-zhetkiliktilik-shegi-nege-6-mln-tengege-koterilgenin-tusindirdi-64020597.html
БЗЖҚ 20 жастағы адамның жеткіліктілік шегі неге 6 млн теңгеге көтерілгенін түсіндірді
БЗЖҚ 20 жастағы адамның жеткіліктілік шегі неге 6 млн теңгеге көтерілгенін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу салымшының қазіргі табысына емес, оның болашақта алуға тиіс нысаналы зейнетақы мөлшеріне негізделеді 09.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-09T19:31+0500
2026-06-09T19:31+0500
2026-06-09T19:31+0500
бжзқ
зейнетақы қоры
зейнетақы жинағы
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866250_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3db2e50f1e3d14411294ee25d61ae8d8.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 жастағы адамның жеткіліктілік шегі неліктен бірден 6 миллион теңгеге дейін көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қор мамандары 20 жаста ондай соманы жинау мүмкін емес екенін біліп отыр. Алайда еңбек жолының бастапқы кезінде аударылатын зейнетақы жарнасын ұзақ мерзім бойы инвестициялауға мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде "күрделі пайыз" есебінен ең жоғары инвестициялық кіріс қалыптасады. Сондықтан зейнетақы жинақтарын ерте шешіп алу болашақтағы зейнетақы көлемін айтарлықтай азайтады.Мысалы, салымшы 20 жаста болса, оның зейнетке шығуына шамамен 40 жыл бар. Осы аралықта жинақтар инвестицияланып, қосымша кіріс әкелуге тиіс."Егер қандай да бір себеппен азамат зейнетақы жарнасын тоқтатса да, шоттағы 6 миллион теңгеден асатын қаражат инвестициялық кіріс есебінен зейнеткерлік жасқа дейін ең төменгі зейнетақы стандартына сәйкес төлем алуға мүмкіндік береді", – делінген ресми хабарламада.
https://sputnik.kz/20260606/zeynetaqy-zhinagynyn-zhetkiliktilik-shegi-osti-ministrlik-malimdeme-zhasady-63961963.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59866250_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_61f1d6fee193a4f09422f69b0414dcab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бжзқ, зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы, зейнетақы
бжзқ, зейнетақы қоры, зейнетақы жинағы, зейнетақы
БЗЖҚ 20 жастағы адамның жеткіліктілік шегі неге 6 млн теңгеге көтерілгенін түсіндірді
Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу салымшының қазіргі табысына емес, оның болашақта алуға тиіс нысаналы зейнетақы мөлшеріне негізделеді
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 20 жастағы адамның жеткіліктілік шегі неліктен бірден 6 миллион теңгеге дейін көтерілгенін түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қор мамандары 20 жаста ондай соманы жинау мүмкін емес екенін біліп отыр. Алайда еңбек жолының бастапқы кезінде аударылатын зейнетақы жарнасын ұзақ мерзім бойы инвестициялауға мүмкіндік бар. Соның нәтижесінде "күрделі пайыз" есебінен ең жоғары инвестициялық кіріс қалыптасады. Сондықтан зейнетақы жинақтарын ерте шешіп алу болашақтағы зейнетақы көлемін айтарлықтай азайтады.
"Ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу салымшының қазіргі табысына емес, оның болашақта алуға тиіс нысаналы зейнетақы мөлшеріне негізделеді. Бұл – белгілі бір жаста зейнетақы шотында болуға тиіс ең төменгі сома. Ол зейнеткерлік жасқа дейін және кейін де жарна аударылмаған жағдайда қарттық кезеңде жеткілікті төлем алуды қамтамасыз етуге тиіс", – дейді мамандар.
Мысалы, салымшы 20 жаста болса, оның зейнетке шығуына шамамен 40 жыл бар. Осы аралықта жинақтар инвестицияланып, қосымша кіріс әкелуге тиіс.
"Егер қандай да бір себеппен азамат зейнетақы жарнасын тоқтатса да, шоттағы 6 миллион теңгеден асатын қаражат инвестициялық кіріс есебінен зейнеткерлік жасқа дейін ең төменгі зейнетақы стандартына сәйкес төлем алуға мүмкіндік береді", – делінген ресми хабарламада.