https://sputnik.kz/20260608/zhaqyn-dosqa-aynalady-iim-onlayn-gruming-qaupi-turaly-eskertti-63987665.html
"Жақын досқа" айналады: ІІМ онлайн-груминг қаупі туралы ескертті
"Жақын досқа" айналады: ІІМ онлайн-груминг қаупі туралы ескертті
Sputnik Қазақстан
Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады 08.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-08T09:46+0500
2026-06-08T09:46+0500
2026-06-08T09:47+0500
бала
қауіпсіздік
интернет
https://sputnik.kz/img/11/47/114795_0:180:1920:1260_1920x0_80_0_0_722eb8cca8cfb4ad3f328d18a0f070f0.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.Онлайн-груминг - бұл қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданатын қауіпті тәсілі. Әдетте бәрі әлеуметтік желіде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе танымал интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады.Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады. Одан соң қаскөй фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберуді немесе жеке тақырыптардағы әңгімелерге көшуді сұрайды. Сонымен қатар мұндай әңгімелердің қалыпты жағдай екенін айтып, хат алмасу туралы ешкімге айтпауды талап етуі немесе психологиялық қысым көрсетуі мүмкін. Онлайн-грумер – бұл кәмелетке толмаған баламен интернет арқылы әдейі байланыс орнатып, оның сеніміне кіріп, кейіннен зиян келтіруді мақсат ететін ересек адам.Онлайн-грумингтен қалай қорғануға болады:ІІМ ата-аналарды балаларымен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үнемі талқылап отыруға және олардың онлайн-белсенділігіндегі өзгерістерге назар аударуға шақырады. Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі де шынайы өмірдегідей қырағылықты талап етеді, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260402/iim-azamattardy-alayaqtyqtyn-zhana-tasili-taralyp-zhatqany-turaly-eskertti-62341157.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/47/114795_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_a7f4564004396952470f05c86d2f35ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, қауіпсіздік, интернет
бала, қауіпсіздік, интернет
"Жақын досқа" айналады: ІІМ онлайн-груминг қаупі туралы ескертті
09:46 08.06.2026 (жаңартылды: 09:47 08.06.2026) Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен кәмелетке толмағандарға онлайн-груминг қаупі туралы ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Онлайн-груминг - бұл қаскөйлердің интернет арқылы балалармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін қолданатын қауіпті тәсілі. Әдетте бәрі әлеуметтік желіде, мессенджерлерде, онлайн ойындарда немесе танымал интернет-платформаларда қарапайым таныстықтан басталады.
"Қаскөй сенімге кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстыруы мүмкін. Қаскөй бала үшін "жақын досқа" айналуға тырысады: күн сайын хабарласып, ерекше көңіл бөледі, оның жеке өміріне, ішкі уайымдарына қызығушылық танытады", - деп жазылған хабарламада.
Кейінірек ол жеке сипаттағы сұрақтар қойып, күн тәртібін, тұрғылықты жерін, араласатын ортасын және басқа да мәліметтерді білуге тырысады. Одан соң қаскөй фотосуреттер мен бейнежазбалар жіберуді немесе жеке тақырыптардағы әңгімелерге көшуді сұрайды.
Сонымен қатар мұндай әңгімелердің қалыпты жағдай екенін айтып, хат алмасу туралы ешкімге айтпауды талап етуі немесе психологиялық қысым көрсетуі мүмкін. Онлайн-грумер – бұл кәмелетке толмаған баламен интернет арқылы әдейі байланыс орнатып, оның сеніміне кіріп, кейіннен зиян келтіруді мақсат ететін ересек адам.
Онлайн-грумингтен қалай қорғануға болады:
интернетте бейтаныс адамдармен сөйлеспе;
жеке деректерді, тұрғылықты мекенжайды, телефон нөмірін, оқу орнын және басқа да құпия ақпаратты жариялама;
бейтаныс желі пайдаланушыларына фотосуреттер мен бейнежазбаларды жіберме;
әңгімелесуші интимдік сипаттағы сұрақтар қойса немесе хат алмасуды құпия сақтауды сұраса, онымен сөйлесуді бірден тоқтат;
күмәнді аккаунттарды бұғатта;
интернеттегі кез келген күмәнді адамдар туралы дереу ата-анаңа хабарла.
ІІМ ата-аналарды балаларымен интернеттегі қауіпсіздік ережелерін үнемі талқылап отыруға және олардың онлайн-белсенділігіндегі өзгерістерге назар аударуға шақырады. Баланың цифрлық ортадағы қауіпсіздігі де шынайы өмірдегідей қырағылықты талап етеді, дейді министрлікте.