https://sputnik.kz/20260402/iim-azamattardy-alayaqtyqtyn-zhana-tasili-taralyp-zhatqany-turaly-eskertti-62341157.html
ІІМ азаматтарды алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқаны туралы ескертті
ІІМ азаматтарды алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқаны туралы ескертті
Sputnik Қазақстан
Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады 02.04.2026, Sputnik Қазақстан
2026-04-02T08:40+0500
2026-04-02T08:40+0500
2026-04-02T08:44+0500
ішкі істер министрлігі
қауіпсіздік
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_0:372:2881:1993_1920x0_80_0_0_2473bbc4a36ec4034cad0fe71d20a1b2.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ішкіс істер министрлігі Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқаны туралы азаматтарды ескертті.Ведомство хабарлауынша, алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қауіпін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді. Жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды.Осыдан кейін азаматтарға “мамандар” немесе “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі.Салдарынан алаяқтар адамдарды ақшасын алып, оны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі.Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Атап айтқанда, нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдермен азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын төмендетуге тырысады.ІІМ банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертті.Сол себепті министрлікте азаматтарды бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.
https://sputnik.kz/20260330/ulttyq-bank-tsifrlyq-tengege-qatysty-alayaqtyqtyn-kobeygenin-eskertti-62274594.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/933/63/9336345_150:0:2881:2048_1920x0_80_0_0_7f2adeef1c8eeec422f86df8573e1261.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, қауіпсіздік, алаяқтық
ішкі істер министрлігі, қауіпсіздік, алаяқтық
ІІМ азаматтарды алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқаны туралы ескертті
08:40 02.04.2026 (жаңартылды: 08:44 02.04.2026) Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ішкіс істер министрлігі Қазақстанда алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқаны туралы азаматтарды ескертті.
"Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі таралып жатыр, онда қаскүнемдер өздерін компаниялардың, мемлекеттік органдардың және жоғары оқу орындарының басшылары ретінде таныстырады", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство хабарлауынша, алаяқтар жалған аккаунттар мен нөмірлерді пайдаланып, қызметкерлерге телефон арқылы немесе мессенджерлер арқылы хабарласады. Олар деректердің таралуы немесе қаржының ұрлану қауіпін сылтауратып, жағдайды әдейі күрделендіріп көрсетеді. Жедел әрекет етуді талап етеді және психологиялық қысым жасайды.
Осыдан кейін азаматтарға “мамандар” немесе “құқық қорғау органдарының қызметкерлері” хабарласатыны айтылып, олардың нұсқауларын бұлжытпай орындау талап етіледі.
Салдарынан алаяқтар адамдарды ақшасын алып, оны “қауіпсіз шоттарға” аударуға көндіреді. Қаражат қолға түскен соң, байланыс бірден үзіледі.
Қаскүнемдер заманауи технологияларды кеңінен қолданады. Атап айтқанда, нөмірді ауыстыру, дауысты өзгерту сияқты тәсілдермен азаматтардың сеніміне кіріп, қырағылығын төмендетуге тырысады.
ІІМ банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ешқашан телефон арқылы ақша аударуды талап етпейтінін ескертті.
Сол себепті министрлікте азаматтарды бейтаныс адамдардың нұсқауларын орындамауға, кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге және күмәнді жағдай туындаса, дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.