https://sputnik.kz/20260608/kievte-tmd-elderinen-esirtki-zhasyrushylardy-tartqan-call-ortalyqtardyn-zhelisi-zhoyyldy-63985611.html
Киевте Қазақстанан есірткі жасырушыларды тартқан call-орталықтардың желісі жойылды
Киевте Қазақстанан есірткі жасырушыларды тартқан call-орталықтардың желісі жойылды
Sputnik Қазақстан
Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған 08.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-08T08:43+0500
2026-06-08T08:43+0500
2026-06-08T10:41+0500
қылмыс
есірткі
тмд
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.Министрлік халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операцияны Украина ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп өткізді. 28 мамырда Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымға тиесілі call-орталықтардың қызметі тоқтатылды.Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Олардың арасында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартумен айналысқан қызметкерлер бар.Тоғыз мекенжайда тінту жүргізіліп, шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленді. Қазір тәркіленген техникадағы мәліметтер зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20260603/qylmystyq-raqymshylyq-turmeden-qansha-adam-bosatylady-63888645.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, есірткі, тмд
Киевте Қазақстанан есірткі жасырушыларды тартқан call-орталықтардың желісі жойылды
08:43 08.06.2026 (жаңартылды: 10:41 08.06.2026) Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Киевте есірткі бизнесі үшін есірткі жасырушыларды тартумен айналысқан call-орталықтардың желісі жойылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Министрлік халықаралық қылмыстық топтардың call-орталықтарын жою бойынша арнайы операцияны Украина ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп өткізді.
28 мамырда Киев қаласында Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымға тиесілі call-орталықтардың қызметі тоқтатылды.
"Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін пайдаланылғаны анықталды. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған", - деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Олардың арасында ұйымдастырушылар, операторлар және адамдарды заңсыз жұмысқа тартумен айналысқан қызметкерлер бар.
Тоғыз мекенжайда тінту жүргізіліп, шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, 12 ноутбук пен планшет тәркіленді. Қазір тәркіленген техникадағы мәліметтер зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізіліп жатыр.