https://sputnik.kz/20260608/astanadagy-respublikalyq-bayge-zhenimpazdaryna-eki-kolik-pen-pater-syyga-berildi-63991995.html
Астанадағы республикалық бәйге жеңімпаздарына екі көлік пен пәтер сыйға берілді
Астанадағы республикалық бәйге жеңімпаздарына екі көлік пен пәтер сыйға берілді
Sputnik Қазақстан
Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты 08.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-08T12:23+0500
2026-06-08T12:23+0500
2026-06-08T12:27+0500
астана
көкпар
жарыс
https://sputnik.kz/img/07ea/06/08/63991528_2:0:1278:718_1920x0_80_0_0_4c70a9577b2a32d4519dee4f7f04f9b6.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Астанада өткен республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Астана маңындағы "Қазанат" атшабарындағы республикалық бәйге Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орайластырылған."Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты. Сәйгүліктер 9 шақырымдық "Құнан" бәйге, 16 шақырымдық "Топ" бәйге және 25 шақырымдық "Аламан" бәйге бойынша бақ сынап, жеңімпаздар анықталды", - деп жазылған хабарламада.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар, екі бірдей "Changan" автокөлігі мен бір бөлмелі пәтер табысталды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге күні атшабарда аншлаг байқалып, трибуналар мен көрермендер алаңы лық толды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейдегі ат спорты жарыстарына деген халық қызығушылығының жылдан жылға артып келе жатқанын аңғартады.Ұлттық спортты ұлықтаған ауқымды іс-шара тартысты бәсекемен ғана емес, көрермендерінің көптігімен де ерекшеленді, дейді әкімдікте.
https://sputnik.kz/20260606/astanada-ekinshi-auezhaydyn-orny-anyqtalgany-ras-pa-63962974.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/08/63991528_162:0:1119:718_1920x0_80_0_0_5b3e8a50fa1d9d9f8ba2fb10268d3df6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, көкпар, жарыс
Астанадағы республикалық бәйге жеңімпаздарына екі көлік пен пәтер сыйға берілді
12:23 08.06.2026 (жаңартылды: 12:27 08.06.2026) Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Астанада өткен республикалық бәйгеге 8,5 мыңнан астам көрермен жиналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана маңындағы "Қазанат" атшабарындағы республикалық бәйге Мемлекеттік рәміздер күні мен Құрбан айт мерекесіне орайластырылған.
"Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген 50-ге жуық таңдаулы тұлпар мен тәжірибелі шабандоз қатысты. Сәйгүліктер 9 шақырымдық "Құнан" бәйге, 16 шақырымдық "Топ" бәйге және 25 шақырымдық "Аламан" бәйге бойынша бақ сынап, жеңімпаздар анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қомақты ақшалай сыйақылар, екі бірдей "Changan" автокөлігі мен бір бөлмелі пәтер табысталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бәйге күні атшабарда аншлаг байқалып, трибуналар мен көрермендер алаңы лық толды. Бұл көрсеткіш республикалық деңгейдегі ат спорты жарыстарына деген халық қызығушылығының жылдан жылға артып келе жатқанын аңғартады.
Ұлттық спортты ұлықтаған ауқымды іс-шара тартысты бәсекемен ғана емес, көрермендерінің көптігімен де ерекшеленді, дейді әкімдікте.