https://sputnik.kz/20260606/astanada-ekinshi-auezhaydyn-orny-anyqtalgany-ras-pa-63962974.html
Астанада екінші әуежайдың орны анықталғаны рас па?
Астанада екінші әуежайдың орны анықталғаны рас па?
Sputnik Қазақстан
Әкімдіктің хабарлауынша, бүгінгі күні екінші әуежайдың нақты орналасатын орны бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ 06.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-06T16:40+0500
2026-06-06T16:40+0500
2026-06-06T16:40+0500
елорда тынысы
астана
әуежай
астана әуежайы
жалған ақпарат
https://sputnik.kz/img/07e9/08/13/56452627_0:170:1208:849_1920x0_80_0_0_04f5586c8ae1d49b44130814f4538d6b.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Бұқаралық ақпарат құралдарында Астанада екінші әуежайдың орналасатын орны анықталғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты мәлімет шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі күні екінші әуежайдың нақты орналасатын орны бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Астана қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу аясында тек ықтимал перспективалық бағыттар ғана қарастырылуда."2035 жылға дейінгі Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жобасы елордалық мәслихат депутаттарының мақұлдауынан кейін Үкіметтің келісуіне жолданатын болады", - деп атап өтті әкімдіктегілер.Әкімдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тек ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенулерін сұрайды.Нақты ақпарат алу үшін Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынажүгінуге болады.
https://sputnik.kz/20260413/qazaqstanda-2028-zhylga-deyin-tort-zhana-auezhay-salynady--ukimet-62633865.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/13/56452627_0:35:1090:853_1920x0_80_0_0_ea79ae4e7c7669d8003df8f172cb8abf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, әуежай, астана әуежайы, жалған ақпарат
астана, әуежай, астана әуежайы, жалған ақпарат
Астанада екінші әуежайдың орны анықталғаны рас па?
Әкімдіктің хабарлауынша, бүгінгі күні екінші әуежайдың нақты орналасатын орны бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Бұқаралық ақпарат құралдарында Астанада екінші әуежайдың орналасатын орны анықталғаны туралы ақпараттың таралуына байланысты мәлімет шындыққа сай келмейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Мәліметте көрсетілген "Елордадан солтүстік-батыс бағытында - Шортанды кенті бағытына қарай, Астана - Көкшетау тасжолының бойындағы аумақ" Астана қаласының әкімшілік шекарасына кірмейді. Осыған байланысты аталған аумақ екінші әуежайдың орны ретінде Астананың Бас жоспарында қарастырылуы мүмкін емес", - делінген әкімдік хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгінгі күні екінші әуежайдың нақты орналасатын орны бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Астана қаласының Бас жоспарына түзетулер енгізу аясында тек ықтимал перспективалық бағыттар ғана қарастырылуда.
"2035 жылға дейінгі Астана қаласының Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" жобасы елордалық мәслихат депутаттарының мақұлдауынан кейін Үкіметтің келісуіне жолданатын болады", - деп атап өтті әкімдіктегілер.
Әкімдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тек ресми және тексерілген ақпаратқа сүйенулерін сұрайды.
Нақты ақпарат алу үшін Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасынажүгінуге болады.