Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық ашылды

© Sputnik / Ксения ВоронинаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2026
Жазылу
200-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Астанада құны 15 млрд теңге болатын жаңа логистикалық орталық іске қосылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Көтерме-бөлшек сауда кәсіпорны" АҚ президенті Константин Ли жер учаскесінің ауданы 5 га, құрылыстың жалпы ауданы 22 мың шаршы метр, пайдалы алаңы 30 мың шаршы метр екенін атап өтті.
"200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, осы логистикалық орталықтан басқа біз Ақтөбеде логистикалық орталық салдық. Сондай-ақ Алматы мен Шымкентте салынды. Яғни, біз бүкіл Қазақстан бойынша логистикалық инфрақұрылымды дамытып жатырмыз", - деп атап өтті Константин Ли.
Жоба елорда мен Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін халық тұтынатын тауарларды сақтауды, өңдеуді және бөлуді қамтамасыз етеді.
Касым-Жомарт Токаев и Наташа Пирц-Мусар приняли участие в казахско-словенском бизнес-форуме - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады – Тоқаев
Жаңалықтар
0