https://sputnik.kz/20250401/qazaqstan-euraziyadagy-zhetekshi-sauda-ari-logistika-khabyna-aynaluga-umtylady--toqaev-52120814.html
Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады – Тоқаев
Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстан 1,5 миллиардтан астам тұтынушыға тікелей шығу мүмкіндігін ұсына алады 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T15:14+0500
2025-04-01T15:14+0500
2025-04-01T15:14+0500
сауда
қазақстан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52117028_0:50:1280:770_1920x0_80_0_0_c59578b11c418daaf49c87039595269c.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады. Бұл туралы Қазақстан-Словения бизнес-форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша былтыр еліміздің экономикалық өсімі 4,8 пайыз деңгейінде болды. Бұл болжанған жаһандық өсімнен 1,5 есе жоғары.Президент Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, Орталық Азия аймағында және Қытайда тұратын 1,5 миллиардтан астам тұтынушыға тікелей шығу мүмкіндігін ұсына алатынын атап өтті."Еліміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі былтыр рекордтық көрсеткішке, яғни 514 тонна-шақырымға жетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропа мен Қытай арасындағы құрлықтық алыс-берістің 90 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ақтау және Құрық порттарынан жөнелтілетін жүк көлемі былтыр 4,5 миллион тоннаға жетті. Бұл – рекордтық нәтиже. Осы орайда көлік байланысын күшейтіп, сауда-саттықты жандандыру үшін Словенияның ең ірі Копер портымен тәжірибе алмасуды және серіктестікті тереңдетуді көздейміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің пікірінше, қазақстандық мұнайдың 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталады. Барланған табиғи газ қоры 3 триллион текше метрге жетеді. Ал көмір кеніші 34 миллиард тоннаны құрайды, бұл ретте еліміз әлемдік ондыққа кіреді.Президенттің пікірінше, словениялық Krka, Lek секілді алдыңғы қатарлы компаниялармен фармацевтика саласындағы ықпалдастық еліміздің ішкі өндірісін ұлғайтып, технологиялық әлеуетін кеңейтуге септігін тигізеді.
https://sputnik.kz/20250401/toqaev-sloveniya-prezidentine-astana-khalyqaralyq-qarzhy-ortalygyn-tanystyrdy-52109831.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52117028_56:0:1225:877_1920x0_80_0_0_07ae5ae83093ca7be0d0fadcb7c5f7ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, қазақстан, қасым-жомарт тоқаев
сауда, қазақстан, қасым-жомарт тоқаев
Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады – Тоқаев
Қазақстан 1,5 миллиардтан астам тұтынушыға тікелей шығу мүмкіндігін ұсына алады
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан Еуразиядағы жетекші сауда әрі логистика хабына айналуға ұмтылады. Бұл туралы Қазақстан-Словения бизнес-форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Ақорда.
Оның айтуынша былтыр еліміздің экономикалық өсімі 4,8 пайыз деңгейінде болды. Бұл болжанған жаһандық өсімнен 1,5 есе жоғары.
"Ішкі жалпы өнім көлемі 288 миллиард долларға жетті. Біз ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыра отырып, осы даму көрсеткішін сақтауға ниеттіміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде, Орталық Азия аймағында және Қытайда тұратын 1,5 миллиардтан астам тұтынушыға тікелей шығу мүмкіндігін ұсына алатынын атап өтті.
"Еліміздің аумағы арқылы өтетін жүк тасымалының көлемі былтыр рекордтық көрсеткішке, яғни 514 тонна-шақырымға жетті. Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропа мен Қытай арасындағы құрлықтық алыс-берістің 90 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Ақтау және Құрық порттарынан жөнелтілетін жүк көлемі былтыр 4,5 миллион тоннаға жетті. Бұл – рекордтық нәтиже. Осы орайда көлік байланысын күшейтіп, сауда-саттықты жандандыру үшін Словенияның ең ірі Копер портымен тәжірибе алмасуды және серіктестікті тереңдетуді көздейміз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, қазақстандық мұнайдың 70 пайызға жуығы Еуропа Одағы елдеріне экспортталады. Барланған табиғи газ қоры 3 триллион текше метрге жетеді. Ал көмір кеніші 34 миллиард тоннаны құрайды, бұл ретте еліміз әлемдік ондыққа кіреді.
"Бүгінде Қазақстан ЕО экономикасы үшін аса маңызды 34 сирек кездесетін минералдың 19 түрін өндіреді. Осы сектордың әлеуетін толық пайдалану мақсатында әлемнің жетекші компанияларымен прагматикалық формулаға сай, яғни "шикізат орнына инвестиция мен технология" деген қағидаға сүйене отырып әріптестік құрамыз", – деді Тоқаев.
Президенттің пікірінше, словениялық Krka, Lek секілді алдыңғы қатарлы компаниялармен фармацевтика саласындағы ықпалдастық еліміздің ішкі өндірісін ұлғайтып, технологиялық әлеуетін кеңейтуге септігін тигізеді.