https://sputnik.kz/20260607/mektep-bitiru-keshine-qatysty-shekteudi-buzgany-ushin-qanday-zhaza-qoldanylady-63979632.html
Мектеп бітіру кешіне қатысты шектеуді бұзғаны үшін қандай жаза қолданылады
Мектеп бітіру кешіне қатысты шектеуді бұзғаны үшін қандай жаза қолданылады
Sputnik Қазақстан
Түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу ата-аналар мен заңды өкілдерге айыппұл салуға немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін 07.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-07T20:00+0500
2026-06-07T20:00+0500
2026-06-07T20:00+0500
мектеп түлегі
мектеп бітіру
https://sputnik.kz/img/1025/51/10255197_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_7dedf3ad47fd7ec6f23cf4b7e1ddd1c5.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Биыл оқу-ағарту министрлігі алғаш рет мектеп бітіру кешіне қатысты талапты ресми бұйрықпен бекітті. Оған сәйкес, аттестат тапсыру мен одан кейінгі кештер тек мектепте ұйымдастырылуы шарт. Ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Ал министр бұйрықты бұзғаны үшін қандай жаза қолданылатынын айтты. Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.Бұйрықтың орындалуын кім бақылайды17-18 маусым күндері республика бойынша 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді. Бұған дейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осы шараларға қатысты ескерту жасаған.Оның айтуынша, бірлескен бұйрық міндетті түрде орындалуы керек. Осы құжатта айыппұл салу сияқты шаралар қарастырылмаған."Бірақ қауіпсіздік бойынша балалардың құқықтары бұзылған жағдайда, сондай-ақ қоғамдық тәртіп бұзылса, заңда нақты нормалар бар. Ол үшін әкімдіктер мен ішкі істер органдары айыппұл сала алады, я болмаса, заңға сәйкес шара қабылдайды", - деп атап өтті Сүлейменова.Айыппұлдың көлемі қандайӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында ата-аналар мен педагогтердің нақты жауапкершілігі бекітілген. Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін де жаза бар. Ол құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді. Ал айыппұлдың көлемі 10 АЕК-ті (2026 жылы – 43 250 теңге) құрайды.Ал құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың көлемі 15 АЕК-ке (2026 жылы – 64 875 теңге) дейін өседі. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы да мүмкін. Ондай жаза бала мүлдем бақылаусыз және полицияның ескертуін елемей жүрген жағдайда қолданылады.Бала алкогольмен ұсталса, не боладыӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте балаға қатысты ауыр құқық бұзушылықтар да көрсетілген. Олар:Осы әрекеттер үшін 20 АЕК (2026 жылы – 86 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бірақ сот баланың ата-анасын немесе заңды өкілін 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға шешім шығара алады.Бірыңғай стандарт керекЖақында мәжілісте мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеу мәселесі көтерілді. Депутат Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кезіндегі бәсеке көптеген отбасыға ауыр психологиялық және қаржылық қысым түсіреді. Ал кейбір ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін қарыз алуға мәжбүр болады.Осыған байланысты үкіметке соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде орынсыз сән-салтанатқа жол бермеу бойынша нақты тетік енгізу мен бірыңғай стандарт әзірлеу ұсынылды.
https://sputnik.kz/20260603/mektep-bitiru-is-sharalaryna-qatysty-biryngay-standart-engizu-maselesi-koterildi-63893430.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1025/51/10255197_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_c3ee066cb1a1565dff9828b55f0408ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп түлегі, мектеп бітіру
мектеп түлегі, мектеп бітіру
Мектеп бітіру кешіне қатысты шектеуді бұзғаны үшін қандай жаза қолданылады
Түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етпеу ата-аналар мен заңды өкілдерге айыппұл салуға немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болуы мүмкін
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Биыл оқу-ағарту министрлігі алғаш рет мектеп бітіру кешіне қатысты талапты ресми бұйрықпен бекітті. Оған сәйкес, аттестат тапсыру мен одан кейінгі кештер тек мектепте ұйымдастырылуы шарт. Ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Ал министр бұйрықты бұзғаны үшін қандай жаза қолданылатынын айтты.
Sputnik Қазақстан заңның негізгі нормаларын ұсынады.
Бұйрықтың орындалуын кім бақылайды
17-18 маусым күндері республика бойынша 11-сынып түлектеріне аттестаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді. Бұған дейін оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова осы шараларға қатысты ескерту жасаған.
"Мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында бітіру кештерін ұйымдастыруға және заңсыз қаражат жинауға тыйым салынды", - деді Сүлейменова үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бірлескен бұйрық міндетті түрде орындалуы керек. Осы құжатта айыппұл салу сияқты шаралар қарастырылмаған.
"Бірақ қауіпсіздік бойынша балалардың құқықтары бұзылған жағдайда, сондай-ақ қоғамдық тәртіп бұзылса, заңда нақты нормалар бар. Ол үшін әкімдіктер мен ішкі істер органдары айыппұл сала алады, я болмаса, заңға сәйкес шара қабылдайды", - деп атап өтті Сүлейменова.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабында ата-аналар мен педагогтердің нақты жауапкершілігі бекітілген. Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін де жаза бар. Ол құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленеді. Ал айыппұлдың көлемі 10 АЕК-ті (2026 жылы – 43 250 теңге) құрайды.
Ал құқық бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұлдың көлемі 15 АЕК-ке (2026 жылы – 64 875 теңге) дейін өседі. Баланың ата-анасы немесе заңды өкілі 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы да мүмкін. Ондай жаза бала мүлдем бақылаусыз және полицияның ескертуін елемей жүрген жағдайда қолданылады.
Бала алкогольмен ұсталса, не болады
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте балаға қатысты ауыр құқық бұзушылықтар да көрсетілген. Олар:
кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы;
қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуы;
қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауы.
Осы әрекеттер үшін 20 АЕК (2026 жылы – 86 500 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған. Бірақ сот баланың ата-анасын немесе заңды өкілін 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға шешім шығара алады.
Жақында мәжілісте мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеу мәселесі
көтерілді. Депутат Жарқынбек Амантайұлының айтуынша, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кезіндегі бәсеке көптеген отбасыға ауыр психологиялық және қаржылық қысым түсіреді. Ал кейбір ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін қарыз алуға мәжбүр болады.
"Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, дамыған елдерде мектеп бітіру рәсімі тәрбиелік мазмұнға құрылған. Негізгі назар оқушының жетістігіне, қоғамдық белсенділігіне және болашақ мақсатына аударылады. Ал материалдық жарыс білім беру жүйесінің құндылығына қайшы келеді", - дейді Амантайұлы.
Осыған байланысты үкіметке соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде орынсыз сән-салтанатқа жол бермеу бойынша нақты тетік енгізу мен бірыңғай стандарт әзірлеу ұсынылды.