Мектеп бітіру іс-шараларына қатысты бірыңғай стандарт енгізу мәселесі көтерілді

© Sputnik/Ертай СарбасовПоследний звонок в алматинской школе-гимназии №22
Последний звонок в алматинской школе-гимназии №22 - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Жазылу
Мәжіліс депутаты соңғы қоңырауды рухани-тәлімдік мазмұнға қайтаруды талап етті
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Мәжілісмен Жарқынбек Амантайұлы мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутаттың айтуынша, мектептегі соңғы қоңырау ең алдымен білімге құрметтің, ұстаз еңбегін бағалаудың және жаңа өмірге қадам басудың символы болуға тиіс.
"Алайда соңғы жылдары мектеп бітіру рәсімі тәрбиелік мазмұнынан алыстап, әлеуметтік бәсекенің, дарақылықтың және орынсыз даңғазалықтың көрінісіне айналып бара жатқаны қоғамды алаңдатуда", - деді Амантайұлы төменгі палатаның бүгінгі отырысында.
Осы орайда депутат биыл соңғы қоңырау кезінде тағы бірнеше өңірде қымбат кортеждер жүргенін және жол ережесінің өрескел бұзылғанын еске салды. Алайда мәселе тек автокортеждермен шектелмейді. Биыл мектеп бітіруші түлектерге арналған алып гүл шоқтарының жарысы да қоғамда кеңінен талқыланды.
"Әлеуметтік желіде жүздеген гүлден құралған композициялар, қымбат сыйлықтар мен салтанатты рәсімдер қалыпты жағдай ретінде көрсетілді. Өкінішке қарай, мұндай бәсеке көптеген отбасыға ауыр психологиялық және қаржылық қысым түсіргені анық. Кейбір ата-аналар баласының қатарынан қалмауы үшін қарыз алуға, бөліп төлеуге гүл немесе сыйлық алуға мәжбүр болғанын ашық айтылуда", - деп атап өтті Амантайұлы.
Мектеп қабырғасында мұндай көріністер жас ұрпақтың санасында тұтынушылық психологияны, жалған бедел мен сыртқы әсерге табынуды қалыптастыруы мүмкін.
"Әлемдік тәжірибеге назар аударсақ, дамыған елдерде мектеп бітіру рәсімі тәрбиелік мазмұнға құрылған. Негізгі назар оқушының жетістігіне, қоғамдық белсенділігіне және болашақ мақсатына аударылады. Ал материалдық жарыс білім беру жүйесінің құндылығына қайшы келеді",-дейді депутат.
Осыған байланысты "AMANAT" фракциясы үкіметке депутаттық сауал жолдап, нақты бірнеше ұсыныс жасады. Олар:
мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеу;
соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде орынсыз сән-салтанатқа жол бермеу бойынша нақты тетік енгізу;
білім беру ұйымдарында әлеуметтік бәсекені емес, тең мүмкіндіктер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Автомобили, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2026
Соңғы қоңырау: Маңғыстау облысында 236 көлік айып тұрағына қойылды
Жаңалықтар
0