Елорда тынысы

Астана саябақтарында тегін йога жаттығулары өтеді

© Photo : Фото представлено организаторами Дыхательная практика
Дыхательная практика - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2026
Жазылу
Тегін йога сабақтары 8 маусым мен 8 қыркүйек аралығында елорданың алты саябағында аптасына үш рет өткізіледі
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Астана қаласында алдағы үш ай бойы ашық аспан астында тегін йога жаттығулары өтеді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тегін йога сабақтары 8 маусым мен 8 қыркүйек аралығында елорданың алты саябағында аптасына үш рет өткізіледі.
"Жаттығулар барлық жас санатындағы тұрғындарға арналған. Іс-шара толықтай тегін, алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Тек call-center нөміріне хабарласып, өтетін орынның нақты орналасқан жерін білу жеткілікті. Тегін жаттығулар Есіл, Нұра, Алматы, Сарайшық және Байқоңыр аудандарындағы саябақтарда аптасына үш рет — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 19:00–20:00 аралығында өтеді. Қала тұрғындары өзіне ыңғайлы әрі жақын орынды таңдап, жұмыстан кейін еркін қатыса алады. Сабақтарды кәсіби йога жаттықтырушылары жүргізеді", — деді басқарманың баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.
Йога жаттығулары өтетін орындар:
Есіл ауданы — "Жетісу" саябағы;
Есіл ауданы — "Самал" саябағы;
Нұра ауданы — Орталық қалалық саябақ;
Алматы ауданы — "Жерұйық" саябағы;
Сарайшық ауданы — Президенттік саябақ;
Байқоңыр ауданы — Ататүрік саябағы.
Жаттығулардың нақты кестесі мен толық ақпарат Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып отырады.
Жаттығулар бойынша қосымша ақпарат алу үшін: Call-center: +7 (777-62) 1-59-54
Айта кетейік, кәсіби йога жаттықтырушылары жүргізетін тегін сабақтар 8 қыркүйекке дейін жалғасады.
Еске сала кетейік, елордада 21 маусымда 11-ші Халықаралық йога күні аталып өтеді.
Благотворительный забег Run for Autism - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2026
Спорт
Астанада Run for Autism IV жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді
Жаңалықтар
0