https://sputnik.kz/20260318/astanada-run-for-autism-iv-zhyl-sayyngy-zhugiru-zharysy-otedi-62002436.html
Астанада Run for Autism IV жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді
Астанада Run for Autism IV жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді
Sputnik Қазақстан
Жиналған қаражат ерекше жандарға арналған кәсіби білім беру орталығына жабдықтар сатып алуға және гранттар бөлуге бағытталады 18.03.2026, Sputnik Қазақстан
2026-03-18T18:50+0500
2026-03-18T18:50+0500
2026-03-18T18:50+0500
спорт
қайырымдылық
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52878313_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f378c1c6a45a5495369a2339478d2357.jpg
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Астана қаласының Ботаникалық бағында 26 сәуірде Run for Autism IV жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Іс-шара Аутизм туралы ақпарат таратудың дүниежүзілік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – аутизм туралы хабардарлықты арттыру және менталдық ерекшеліктері бар адамдарды қолдау. Жарысқа елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа өңірлерден бірнеше мың қатысушы келеді деп жоспарланып отыр.Бағдарламада:Жиналған қаражат 2026 жылдың жазында "Bolashak Charity" қоғамдық қоры ашуды жоспарлап отырған ерекше жасөспірімдер мен ересектерге арналған кәсіби білім беру орталығына арналған жабдықтар сатып алуға және оқуға гранттар бөлуге бағытталады.Жүгіру жарысына тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in.Run for Autism – аутизмі бар адамдарды қолдауға бағытталған халықаралық қайырымдылық спорттық бастаманың бір бөлігі. Мұндай жарыстар Нью-Йорк, Лондон, Берлин және тағы басқа ірі қалаларда өткізіледі. Қазақстанда бұл жүгіру жарысы алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылды.2023–2025 жылдар аралығында:Жиналған қаражат есебінен балабақшаларда, мектептерде және колледждерде 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, 200-ден астам ерекше балаға құрдастарымен бірге білім алуға мүмкіндік берілді.
https://sputnik.kz/20251118/run-for-autism-astanada-inklyuziyany-qoldauga-arnalgan-25-kense-ashyldy-58876151.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1a/52878313_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_4a898e6fad1317c394828da050c86eb4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қайырымдылық
Астанада Run for Autism IV жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді
Жиналған қаражат ерекше жандарға арналған кәсіби білім беру орталығына жабдықтар сатып алуға және гранттар бөлуге бағытталады
АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Астана қаласының Ботаникалық бағында 26 сәуірде Run for Autism IV жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Іс-шара Аутизм туралы ақпарат таратудың дүниежүзілік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – аутизм туралы хабардарлықты арттыру және менталдық ерекшеліктері бар адамдарды қолдау. Жарысқа елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ басқа өңірлерден бірнеше мың қатысушы келеді деп жоспарланып отыр.
әртүрлі қашықтықтарға жүгіру жарыстары;
аутизмге шалдыққан және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға арналған спорттық-ойын-сауық эстафетасы;
серіктестерден бағалы сыйлықтар ұтысы.
Жиналған қаражат 2026 жылдың жазында "Bolashak Charity" қоғамдық қоры ашуды жоспарлап отырған ерекше жасөспірімдер мен ересектерге арналған кәсіби білім беру орталығына арналған жабдықтар сатып алуға және оқуға гранттар бөлуге бағытталады.
Run for Autism – аутизмі бар адамдарды қолдауға бағытталған халықаралық қайырымдылық спорттық бастаманың бір бөлігі. Мұндай жарыстар Нью-Йорк, Лондон, Берлин және тағы басқа ірі қалаларда өткізіледі. Қазақстанда бұл жүгіру жарысы алғаш рет 2023 жылы ұйымдастырылды.
2023–2025 жылдар аралығында:
бастамаға 79 серіктес пен демеуші қосылды;
42 348 444 теңге көлемінде қайырымдылық қаражат жиналды.
Жиналған қаражат есебінен балабақшаларда, мектептерде және колледждерде 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, 200-ден астам ерекше балаға құрдастарымен бірге білім алуға мүмкіндік берілді.