Run for Autism: Астанада инклюзияны қолдауға арналған 25 кеңсе ашылды

© Sputnik / Санат ИмангалиевRun for Autism қайырымдылық жарысы
Run for Autism қайырымдылық жарысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.11.2025
Жазылу
Жыл сайынғы Run for Autism қайырымдылық жарысы аутизмді зерттеуді қолдауға арналған халықаралық қаржы жинау бастамасы болып табылады
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. 19 қараша күні елордада жыл сайынғы Run for Autism қайырымдылық жарысының қаражаты есебінен құрылған инклюзияны қолдау кабинетінің таныстырылымы өтеді.
Бұл кабинет 2023–2025 жылдар аралығында Bolashak Charity қоғамдық қорының бастамасымен балабақшаларда, мектептерде және колледждерде ашылған 25-ші кабинет болды.
Run for Autism жыл сайынғы қайырымдылық жарысы — аутизм саласындағы зерттеулерді қолдауға бағытталған халықаралық бастама. Жүгіру Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго және Питтсбург сияқты әлемнің ірі қалаларында өткізіледі. Қазақстанда бұл жоба алғаш рет 2023 жылы Bolashak Charity қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Бастаманың мақсаты — қоғамның назарын аутизм мен менталдық денсаулық мәселелеріне аудару, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған білім беру бағдарламаларын қолдау үшін қаражат жинау.
2023 жылдан бері Run for Autism жарысына 6 443 адам қатысты, олардың ішінде даму ерекшеліктері бар 200-ден астам бала болды. Үш жыл ішінде 42 348 444 теңге жиналып, Астана мен өңірлердің білім беру ұйымдарында 25 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Соның арқасында аутизм, ДЦП, Даун синдромы және басқа да даму ерекшеліктері бар 160-тан астам бала мен жасөспірім күн сайын қажетті қолдау алып жатыр.
Жалпы, Bolashak Charity қоғамдық қоры 10 жыл ішінде Қазақстанның 24 қаласында 79 инклюзияны қолдау кабинетiн ашып, балалар үйлерінің 2 мыңнан астам тәрбиеленушісін және аутизм мен өзге де даму ерекшеліктері бар 10 мыңнан астам отбасын бағдарламаларымен қамтыды. Қор сондай-ақ 1 мыңнан астам баланы үйден оқыту формасынан шығарып, олардың инклюзивті ортаға қол жеткізуіне мүмкіндік берді.
Run for Autism үшінші қайырымдылық жарысы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2025
Астанада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтіп жатыр
Жаңалықтар
0