Мұхамедиұлымен байланысты компаниядан 1,3 млрд теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

© Photo : пресс-служба правительства РК Арыстанбек Мухамедиулы
Арыстанбек Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2026
Жазылу
"Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100% үлесі заңсыз жекешелендірілген
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 % үлесі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.
2015 жылы "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100% үлесі жеке компанияның пайдасына заңсыз жекешелендірілген, ал жылжымайтын мүлік түріндегі активтер (Алматы қаласы Әуезов ауданында орналасқан 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат) заңсыз иеліктен шығарылған.
"Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген", - деп жазылған хабарламада.
Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылды.
В Астане продолжается суд на бывшим министром культуры и спорта Казахстана Арыстанбеком Мухамедиулы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2023
Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды
Жаңалықтар
0