https://sputnik.kz/20260604/toqaev-ulttyq-bankke-ukimetpen-birlesip-inflyatsiyany-tezheu-boyynsha-sayasat-zhurgizudi-tapsyrdy-63932939.html
Тоқаев Ұлттық банкке үкіметпен бірлесіп инфляцияны тежеу бойынша саясат жүргізуді тапсырды
Тоқаев Ұлттық банкке үкіметпен бірлесіп инфляцияны тежеу бойынша саясат жүргізуді тапсырды
Sputnik Қазақстан
Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша айтылды 04.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-04T20:15+0500
2026-06-04T20:15+0500
2026-06-04T20:16+0500
президент
ұлттық банк
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/06/04/63932621_17:0:1212:672_1920x0_80_0_0_4039049069e928b133ad4e68ecd7c728.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады.Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов президентке былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндады. Инфляцияның төмендеуі биыл да жалғасуда, мамыр айының мәліметіне сәйкес – 10,4 пайыз.Ұлттық банк үкіметпен бірге инфляция деңгейін баяулату бағытында кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына берілген Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат ұсынылды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру және цифрлық жобаларды дамыту жайында айтылды. 2025 жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим қолданысқа еніп, оның базасында нақты активтерді токендеу, ақшаға байланған стейблкоиндер шығару, криптопровайдер мен крипто-фиат арналарын ұйымдастыру сияқты 30-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар Қазақстан өңірдегі алғашқы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске қосты.Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ үкіметпен бірлесе инфляцияны тежеу және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау жөнінде үйлесімді саясат жүргізуді тапсырды.Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша айтылды.
https://sputnik.kz/20260604/ulttyq-nyshandardy-ulyqtau--ortaq-paryz-toqaev-tu-koteru-rasimine-qatysty-63921591.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/06/04/63932621_166:0:1062:672_1920x0_80_0_0_c79db11c1ba20a23725cf32a44123562.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ұлттық банк, жасанды интеллект
президент, ұлттық банк, жасанды интеллект
Тоқаев Ұлттық банкке үкіметпен бірлесіп инфляцияны тежеу бойынша саясат жүргізуді тапсырды
20:15 04.06.2026 (жаңартылды: 20:16 04.06.2026) Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша айтылды
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы және 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов президентке былтыр инфляция деңгейі 12,3 пайызға дейін бәсеңдегені баяндады. Инфляцияның төмендеуі биыл да жалғасуда, мамыр айының мәліметіне сәйкес – 10,4 пайыз.
Ұлттық банк үкіметпен бірге инфляция деңгейін баяулату бағытында кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысына Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына берілген Ұлттық қор мен БЖЗҚ активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат ұсынылды.
"Ұлттық банктің алтын-валюта резерві былтыр рекордтық деңгейге жетіп, 65,4 миллиард долларды құрады. Ұлттық қордың валюталық активтері 5,1 миллиард долларға өсіп, 63,9 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ активтерінің көлемі 2,7 триллион теңгеге артып, 25,1 триллион теңгеге ұлғайды", - деп жазылған хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа цифрландыру және цифрлық жобаларды дамыту жайында айтылды. 2025 жылы цифрлық активтерге арналған арнайы құқықтық режим қолданысқа еніп, оның базасында нақты активтерді токендеу, ақшаға байланған стейблкоиндер шығару, криптопровайдер мен крипто-фиат арналарын ұйымдастыру сияқты 30-дан астам пилоттық жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар Қазақстан өңірдегі алғашқы Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын іске қосты.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банкке қаржы жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ үкіметпен бірлесе инфляцияны тежеу және макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау жөнінде үйлесімді саясат жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар қаржы нарығындағы озық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі дамытудың маңызы айрықша айтылды.