"Ұлттық нышандарды ұлықтау – ортақ парыз": Тоқаев Ту көтеру рәсіміне қатысты

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Жазылу
Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз, деп мәлімдеді президент
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді.
Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз", - деп атап өтті президент салтанатты шарада.
Тоқаев Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі, Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні, Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары екенін атап өтті.
"Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды.
Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді", - деп толықтырды ол.

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында қазақстандықтар біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатысқанын еске салды.
"Біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды", - деді ол.
Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандар қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз.
Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс.
"Таяу арада үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша, ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз.
"Біз биыл Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеміз. Бұл тарихи кезең жүріп өткен жолымызды жан-жақты терең талдауды және болашаққа стратегиялық жоспар құруды мұқият ойластыру тұрғысынан үлкен мәнге ие", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Ол аталған мерейлі датаны қажырлы еңбекпен және нақты нәтижелермен қарсы алу керек деп есептейді.
Биыл тұтас еліміз үшін ауқымды өзгерістерге толы жыл болып отыр. Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті, деп түйіндеді президент.


