ЕАЭО тауар өндірушілеріне жаһандық оңтүстік нарықтарына жол ашылады

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуАлексей Оверчук - заместитель председателя правительства РФ
Алексей Оверчук - заместитель председателя правительства РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2026
Жазылу
3-5 маусымда Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтеді
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Еуразиялық экономикалық одақ тауар өндірушілерге жаһандық оңтүстіктің ірі нарықтарына шығуға жағдай жасайды, деп мәлімдеді Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчук.
Ол Санкт-Петербург экономикалық форумының "Турбулентті уақыттағы сауда" сессиясында сөз сөйледі.
"ЕАЭО-ға мүше бес елдің ортақ ұстанымы бар және ол – еркін сауда аймақтарын кеңейту. Біз тауар өндірушілерімізге жаһандық оңтүстіктің үлкен нарықтарына шығуға жағдай жасауға тырысамыз", - деді Оверчук.
Оның сөзінше, бұл бағыттағы ынтымақтастық Иран, Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия және Вьетнам сияқты елдермен сауданы дамытуға бағытталған.
Айта кетері, Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы 3-5 маусым аралығында өтеді.
Никол Пашинян  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Пашинян Армения ЕАЭО аясындағы жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді
Жаңалықтар
0