https://sputnik.kz/20260603/mazhiliste-zeynetaqysy-eki-esege-azayyp-qalgan-azamattardyn-maselesi-koterildi-63904215.html
Мәжілісте зейнетақысы екі есеге азайып қалған азаматтардың мәселесі көтерілді
Мәжілісте зейнетақысы екі есеге азайып қалған азаматтардың мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
Бүгінде жеке кәсіпкерлердің 1998–2011 жылдары есепке алынған еңбек өтіліне қатысты әділетсіздік бар 03.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-03T16:25+0500
2026-06-03T16:25+0500
2026-06-03T16:26+0500
мәжіліс
зейнетақы
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_90:0:3354:1836_1920x0_80_0_0_77b28d6e8451d3ecc8f7359776f60c4b.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Депутат Серік Ерубаев еңбек өтілі екі есеге қысқарып қалған азаматтардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде жеке кәсіпкерлердің 1998–2011 жылдары есепке алынған еңбек өтіліне қатысты әділетсіздік бар. Ол кезде арнаулы салық режимін қолданған кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын емес, әр тоқсан сайын аударып отырған.Осы орайда депутат нақты мысал да келтірді. Азамат деген кәсіпкер 30 жыл еңбек етіп, заңнамада көзделген барлық міндетті төлемдерді уақытылы аударған. Алайда бүгінгі есептеу тәртібі бойынша оның еңбек өтілінің тек 14 жылы ғана есепке алынып, зейнетақысының мөлшері едәуір төмендеген."Бүгінгі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін арттыру мәселесі талқыланып жатқан жағдайда, еңбек өтілі мен зейнетақы жарналарын есепке алудағы мұндай олқылықтар мыңдаған кәсіпкердің болашақ зейнетақысына алаңдаушылығын күшейтіп отыр", - деді Ерубаев.Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы жеке кәсіпкерлердің еңбек өтілін есептеу кезінде тоқсан сайын төлеген міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы есепке алу форматына баламалы түрде қайта есептеу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.Айта кетері, бүгінде Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы талқыланып жатыр.
https://sputnik.kz/20260602/zeynetaqy-zhuyesin-reformalaudyn-ush-nusqasy-qarastyrylyp-zhatyr-63876215.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1281/12/12811218_498:0:2946:1836_1920x0_80_0_0_383a2b63eee2b14fea17a76b7431065d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс, зейнетақы, кәсіпкер
мәжіліс, зейнетақы, кәсіпкер
Мәжілісте зейнетақысы екі есеге азайып қалған азаматтардың мәселесі көтерілді
16:25 03.06.2026 (жаңартылды: 16:26 03.06.2026) Бүгінде жеке кәсіпкерлердің 1998–2011 жылдары есепке алынған еңбек өтіліне қатысты әділетсіздік бар
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Депутат Серік Ерубаев еңбек өтілі екі есеге қысқарып қалған азаматтардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде жеке кәсіпкерлердің 1998–2011 жылдары есепке алынған еңбек өтіліне қатысты әділетсіздік бар. Ол кезде арнаулы салық режимін қолданған кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын емес, әр тоқсан сайын аударып отырған.
"Ал қазіргі кезде зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі ай сайынғы қағидат бойынша ғана есепке алынады. Салдарынан кезінде тоқсан сайын төленген жарналар ай сайынғы еңбек өтілі ретінде танылмай, азаматтардың зейнетақы құқықтары негізсіз шектеліп отыр", - Ерубаев мәжілістің бүгінгі отырысында.
Осы орайда депутат нақты мысал да келтірді. Азамат деген кәсіпкер 30 жыл еңбек етіп, заңнамада көзделген барлық міндетті төлемдерді уақытылы аударған. Алайда бүгінгі есептеу тәртібі бойынша оның еңбек өтілінің тек 14 жылы ғана есепке алынып, зейнетақысының мөлшері едәуір төмендеген.
"Бүгінгі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегін арттыру мәселесі талқыланып жатқан жағдайда, еңбек өтілі мен зейнетақы жарналарын есепке алудағы мұндай олқылықтар мыңдаған кәсіпкердің болашақ зейнетақысына алаңдаушылығын күшейтіп отыр", - деді Ерубаев.
Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясы жеке кәсіпкерлердің еңбек өтілін есептеу кезінде тоқсан сайын төлеген міндетті зейнетақы жарналарын ай сайынғы есепке алу форматына баламалы түрде қайта есептеу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.
Айта кетері, бүгінде Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасы
талқыланып жатыр.