Ұлттық экономика министрлігі әлеуетті жалпы ішкі өнімді есептеу әдістемесін бекітті

Тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Ықтимал жалпы ішкі өнімді тоқсан сайын бағалау жоспарланып отыр.
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі әлеуетті жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеу әдістемесін бекітті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Ықтимал ЖІӨ өндірістік факторды толықтай пайдалану және инфляциялық қысым болмаған кездегі экономикадағы мүмкін болатын ең жоғары өндіріс көлемін анықтайды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл көрсеткішті есептеу Қазақстандағы экономикалық өсудің табиғи шегін және оның нақты мәннен қаншалықты жоғары немесе төмен екенін анықтауға мүмкіндік береді.
"Әдістеме болашақтағы ЖІӨ-ні есептеудің халықаралық тәжірибесін ескеріп отыр. Бұл ретте жұмыспен қамтудың артуы, инвестиция мен негізгі капиталдың өсуі, сондай-ақ технологиялық прогресс (жиынтық факторлық өнімділік) сияқты факторлардың экономикалық өсуге қосатын үлесі бағамдалып, әлемдік тәжірибеде кең тараған Кобб-Дуглас өндірістік фукнциясы қолданылған", - деп жазылған хабарламада.
Есептеу үшін Ұлттық статистика бюросының ресми деректері пайдаланылады.
Ықтимал ЖІӨ-ні тоқсан сайын бағалау жоспарланып отыр.
Нәтиже экономикалық өсудің сапасын бағалау және экономикалық цикл фазасын анықтау үшін талдамалық мақсатта пайдаланылады.
Токаев посетил завод Tausogar в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Қазақстанда ЖІӨ өсімі биыл 5,5%-ға жетеді деп болжанып отыр
Жаңалықтар
0