Түркістанда көлік әйнегін қараңғылаған 200-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөлік әйнегін қараңғылау
Көлік әйнегін қараңғылау - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Түркістанда күңгірттелген әйнегі бар 200-ге жуық көлік анықталды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Құқық бұзушылық бір айға созылған "Күңгірттеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде тіркелген.
Іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, алдыңғы және алдыңғы бүйірлік әйнектері заңсыз күңгірттелген автокөліктерді анықтау жұмыстарын жүргізді.
"Нәтижесінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзған 200-ге жуық жүргізуші анықталып, оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар полицейлер жүргізушілерге көлік құралдарын пайдалану кезінде заң талаптарын сақтау қажеттігін түсіндіріп, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық талаптардың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Көлік әйнегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылау: депутат үкіметке тағы ұсыныс жолдады
Жаңалықтар
0