Көліктің алдыңғы әйнегін қараңғылау: депутат үкіметке тағы ұсыныс жолдады

© Sputnik / Медиабанкке өтуКөлік әйнегі
Көлік әйнегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2025
Жазылу
Қырғызстанда осындай рұқсаттың арқасында былтыр ел бюджетіне шамамен 4 млрд теңге түскен
АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков көліктің алдыңғы бүйір әйнектерін қараңғылауға қатысты ұсынысын тағы үкіметке жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Құспеков "тонировканы" ақылы түрде енгізу керек деп санайды. Ал рұқсаттың орташа құны 50 АЕК (2025 жылда - 196 600 теңге) болса да, бюджетке жылына 50 млрд теңгеден астам қаржы түседі.
"Бұл қаражат инфрақұрылымды қалпына келтіруге және дамытуға — автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға мақсатты түрде пайдаланылуы мүмкін. Айта кету керек, Кеден одағының "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне сәйкес, кем дегенде 70% жарық өткізген жағдайда алдыңғы бүйір әйнектерде тонировканы қолдануға рұқсат етіледі. Бұл талаптар тонировканы заңдастырудың ұлттық тәсілінің негізін қалауы керек", - деді Құспеков мәжілістің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, көрші Қырғызстанда "тонировкаға" рұқсат бар. Былтыр ел бюджетіне шамамен 4 млрд теңге түскен.
Құспеков үкіметке депутаттық сауал жолдап, кем дегенде 70% жарық өткізген жағдайда автомобильдердің алдыңғы бүйір шыныларын ақылы қараңғылау қызметін заңдастыруды ұсынды.
"Қосымша ұсыныс ретінде көлік құралының санатына байланысты эконом, бизнес пен премиум деп сараланған тарифтерді енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады", - деді депутат.
Айта кетері, былтыр Құспеков Қазақстанда көліктің алдыңғы терезелерін қараңғылауды заңдастыру мәселесі талқыланып жатқанын айтқан. Сол кезде рұқсат құны жылына 400 мың теңге көлемінде бекітуге ұсыныс болған.
Мопеды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2025
Мопедтерге қатысты заң күшіне енді – негізгі талаптар
Жаңалықтар
0