Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев келіссөздерден бас тартқан сайын арнайы әскери операция жалғаса береді - Песков

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуДмитрий Песков
Дмитрий Песков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Песков Ресей әрқашан Украинадағы арнайы әскери операция мақсаттарына бейбіт жолмен жетуді қалайтынын тағы ескертті
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Егер Киев шынайы келіссөздерден және бейбіт келісімге жол ашатын маңызды шешімдерден бас тарта берсе, арнайы әскери операция жалғаса береді, деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
"Егер екінші (украиналық - Sputnik) тарап процесті кейінге қалдыра берсе, шынайы бейбіт келіссөздерден және бейбіт келісімге жол ашатын маңызды шешімдерден бас тартса, арнайы әскери операция жалғаса береді", - деді ол РИА Новостидің сұрағына жауап бере отырып.
Песков Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы бейбітшілік процесі уақытша тоқтатылғанын айтқанмен, бұл АҚШ-пен ешқандай байланыс жоқ дегенді білдірмейтінін жеткізді.
Сонымен қатар Песков Ресей әрқашан Украинадағы арнайы әскери операция мақсаттарына бейбіт жолмен жетуді қалайтынын тағы ескертті.
"Біз әрқашан мақсаттарымызға бейбіт жолмен жетуіміз керек деп айтып келдік", - деді Песков.
Дмитрий Песков. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Украина бойынша келіссөз қайта жанданады деп үміттенеді - Песков
Жаңалықтар
0