Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина бойынша келіссөз қайта жанданады деп үміттенеді - Песков

© Наталья Селиверствова / Медиабанкке өтуДмитрий Песков. Архивное фото - рекадр
Дмитрий Песков. Архивное фото - рекадр - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2026
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Ресей Украина бойынша келіссөз қайта жанданады деп үміттенеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Украинаның қақтығысты реттеу бойынша келіссөзшісі, Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров осы аптада АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уитткоффпен кездесу үшін Майамиге барады. Бұл туралы сәрсенбіде Bloomberg дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.
Песковтың айтуынша, Мәскеу Украина бойынша келіссөздерді жалғастыруға Вашингтон алдағы уақытта да септігін тигізеді деп үміттенеді.
"Біз бұл қызметтерді жоғары бағалаймыз және процесс жалғасады деп күтеміз", - деді Песков журналистерге.
Ол Ресей Украина бойынша келіссөздерді жалғастыруға ашық екенін мәлім етті.
Владимир Зеленский - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Ресей және АҚШ-пен келіссөз Әзербайжанда өтуі мүмкін екенін айтты
Жаңалықтар
0