"Казцинк" зауытындағы жарылыс: тергеудің алдын ала нәтижесі жарияланды

© Photo : Пресс-служба ТОО "Казцинк"Производственные объекты "Казцинка"
Производственные объекты Казцинка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Зауыттағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болды деген болжам жасалып отыр
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Қазцинк" зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мамырдың басында "Казцинк" компаниясының Өскемендегі зауытында жойқын жарылыс болды. Төтенше оқиға салдарынан үш адам көз жұмды. Ауыр жарақат алғандар да бар.
"Казцинк зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болды деген болжам жасалып отыр", - деді Әрінов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, бұған дейін осы объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталған. Олар:
техникалық құрылғылардың мерзімін ұзарту сараптамаларының болмауы;
жобалық құжаттамадан ауытқу;
өндірістік бақылаудың әлсіздігі;
тозған жабдықты уақтылы ауыстырмау.
Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қабылданады.
Казцинк ЖШС аумағында жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2026
"Жансақтау бөлімінде жатыр": жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай
Жаңалықтар
0