"Жансақтау бөлімінде жатыр": жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай

© Sputnik"Казцинк" ЖШС аумағында жарылыс болды
Казцинк ЖШС аумағында жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2026
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 мамыр – Sputnik. "Казцинк" компаниясының Өскемендегі зауытындағы жарылыстан зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы облыстық мамандандырылған медициналық орталық бас дәрігерінің орынбасары Мұрат Нұрбикенов айтты.
Жедел жәрдем қызметіне жаппай зардап шеккендер туралы ақпарат таңғы сағат 8:30-да түскен.
"Зардап шеккендердің алғашқысы сағат 8.45-те жеткізілді. Бес адам жеткізілді, төртеуі - ер адам, біреуі - әйел. Барлығы тексерілді. Бастың компьютерлік томографиясы жасалып, сараптама алынды", - дейді Нұрбикенов.
Үшеуінің жарақаты жеңіл болған, олар үйлеріне жіберілді. Ал екеуі аурухана жатқызылды.
"46 жастағы ер адамның жарақаты өте ауыр, денесінің 90%-і күйген, тыныс алу жолдары, көз жанары күйген. Жансақтау бөлімінде жатыр", - деп толықтырды бас дәрігердің орынбасары.
Ал 52 жастағы науқастың омыртқасы сынған. Ол травмотология бөлімінде жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін апат болған жерде екі адам қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Казцинк ЖШС аумағында жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2026
Өскемендегі жарылыс: екі адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар
0