Гонконг пен Алматы арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Аэропорт Алматы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
Жаңа бағыт Гонконг пен Қазақстан арасындағы жалғыз тікелей әуе қатынасы болады
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Cathay Pacific әуе компаниясы 2027 жылдан бастап Гонконг пен Алматы арасында тікелей әуе қатынасын ашады, деп хабарлайды көлік министрлігі.
Келесі жылдың 1 тоқсанынан бастап Cathay Pacific әуе компаниясы тікелей рейстерді ашуды жоспарлап отыр. Рейстерді Airbus A330-300 кең фюзеляжды әуе кемелері аптасына үш рет орындайды. Жаңа бағыт Гонконг пен Қазақстан арасындағы жалғыз тікелей әуе қатынасы болады.

"Рейстердің ашылуы Қазақстан, Гонконг және Азия-Тынық мұхиты аймағы арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік байланыстарды одан әрі нығайтады. Сондай-ақ елдің халықаралық маршруттық желісін кеңейтуге ықпал ететін болады", - дейді министрлікте.

Айта кетейік, Cathay Pacific – Гонконгтың флагмандық әуе компаниясы. Ол Гонконг халықаралық әуежайында орналасқан және әлем бойынша 200-ден астам бағытқа тұрақты жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асырады.
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Астанадан Кипрге тікелей әуе рейсі ашылды
Жаңалықтар
0