Астанадан Кипрге тікелей әуе рейсі ашылды

Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2026
Жазылу
4 маусымнан бастап әуе компаниясы "Алматы – Ларнака" бағыты бойынша рейстерді іске қосады
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Астана мен Алматыдан Кипрдің танымал курортына тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Air Astana" әуе компаниясы бүгін, 2 маусымнан бастап "Астана – Ларнака" бағыты бойынша жолаушыларды тасымалдауға кірісті.
"Сондай-ақ, осы жылғы 4 маусымнан бастап әуе компаниясы "Алматы – Ларнака" бағыты бойынша рейстерді іске қосады. Рейстер әрбір бағыт бойынша аптасына 2 рет жиілікпен "Airbus A321LR" үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады", - делінген ресми хабарламада.
Әуе қатынасы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етеді.
Самолеты на взлетно-посадочной полосе - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2026
Астана – Үрімші рейсі мамырдың соңында қайта іске қосылады
Жаңалықтар
0