https://sputnik.kz/20260601/ush-auysymdy-mektepter-sany-tort-esege-qysqardy-63849328.html
Үш ауысымды мектептер саны төрт есеге қысқарды
Үш ауысымды мектептер саны төрт есеге қысқарды
Sputnik Қазақстан
Алдағы үш жыл ішінде 1,3 мың мектепті жаңарту көзделген 01.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-01T09:48+0500
2026-06-01T09:48+0500
2026-06-01T09:48+0500
балалар
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/11/49338907_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_489637a2ce342e3097c48b3bd88c5863.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. 2020 жылдан бері елімізде 1,2 мыңнан астам мектеп салынды. Нәтижесінде 1 млн-нан астам жаңа оқушы орны ашылды, бұл үш ауысымды мектептер санын төрт есеге қысқартуға мүмкіндік берді.Биыл тағы 53 мың орынға арналған 96 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.Бүгінгі таңда республика бойынша 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 5,3 мыңы – мемлекеттік, ал 6,6 мыңы – жекеменшік ұйымдар. Мұнда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 70,9%-ға жетсе, кезекте тұрған балалар арасында бұл көрсеткіш 96%-ды құрайды.Еліміздің 20 қаласы мен 23 ауданында ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаға 6 мыңға жуық ұйым қатысып, 936 мыңнан астам ваучер берілді. Бұл қадам бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттырып қана қоймай, балабақшалардағы республикалық кезекті 2025 жылдан бері 9 есеге дерлік қысқартты. Нәтижесінде кезекте тұрған балалар саны 160 мыңнан 18 мыңға дейін азайды.Соңғы үш жылда елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда 223 мың жаңа орын ашылды, ал 2027 жылдың соңына дейін тағы 76,5 мың орын ашу жоспарлануда. Мектепке дейінгі білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету ісіне 104 мыңнан астам маман тартылған.
https://sputnik.kz/20260601/memleket-tarapynan-arbir-balaga-qamqorlyq-zhasalyp-zhatyr--toqaev-63849028.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0c/11/49338907_71:0:1210:854_1920x0_80_0_0_c044b393ff3a83f094ea313e03bf2608.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, мектеп
Үш ауысымды мектептер саны төрт есеге қысқарды
Алдағы үш жыл ішінде 1,3 мың мектепті жаңарту көзделген
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. 2020 жылдан бері елімізде 1,2 мыңнан астам мектеп салынды. Нәтижесінде 1 млн-нан астам жаңа оқушы орны ашылды, бұл үш ауысымды мектептер санын төрт есеге қысқартуға мүмкіндік берді.
Биыл тағы 53 мың орынға арналған 96 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.
"Сонымен қатар қолданыстағы мектеп инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр: алдағы үш жыл ішінде 1,3 мың мектепті жаңарту көзделген, оның 820-сы ауылдық елді мекендерде орналасқан. 2025 жылдан бері 215 мектеп жаңартылды", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда республика бойынша 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның 5,3 мыңы – мемлекеттік, ал 6,6 мыңы – жекеменшік ұйымдар. Мұнда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде, 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі 70,9%-ға жетсе, кезекте тұрған балалар арасында бұл көрсеткіш 96%-ды құрайды.
Еліміздің 20 қаласы мен 23 ауданында ваучерлік қаржыландырудың пилоттық жобасы іске қосылды. Жобаға 6 мыңға жуық ұйым қатысып, 936 мыңнан астам ваучер берілді. Бұл қадам бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттырып қана қоймай, балабақшалардағы республикалық кезекті 2025 жылдан бері 9 есеге дерлік қысқартты. Нәтижесінде кезекте тұрған балалар саны 160 мыңнан 18 мыңға дейін азайды.
Соңғы үш жылда елімізде мектепке дейінгі ұйымдарда 223 мың жаңа орын ашылды, ал 2027 жылдың соңына дейін тағы 76,5 мың орын ашу жоспарлануда. Мектепке дейінгі білім беру үдерісінің сапасын қамтамасыз ету ісіне 104 мыңнан астам маман тартылған.