Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр – Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев посетил Центр креативных технологий TUMO Astana
Токаев посетил Центр креативных технологий TUMO Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Жазылу
Президенттің айтуынша өскелең ұрпақ білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетіп жатыр
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент жас ұрпақтың құқығын қорғау, денсаулығын сақтау және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау жалпыұлттық мақсат және конституциялық міндет екенін атап өтті.
"Ауызбіршілігі мықты, тату-тәтті отбасы – бақытты балалық шақтың арқауы. Сондықтан отбасы құндылықтарын қорғау жаңа Конституцияның аса маңызды нормасының бірі ретінде айқындалды", – деп жазды Тоқаев желідегі парақшасында.
Оның айтуынша өскелең ұрпақтың жасампаздық рухы орасан зор.
"Олар білім мен спортта, өнерде мол табысқа жетуде. Менің бастамаммен қолға алынған "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр. Биыл "Қазақстан балалары" тұжырымдамасы іске асырыла бастады. Жас буынды қолдау әрдайым еліміздің, яғни Әділетті және Озық Қазақстанның басты назарында болады", – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
жәрдемақы 2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2026
Инфографика
2026 жылы балалар жәрдемақысы қандай болады
Жаңалықтар
0