Биыл алғаш жиналған қауын-қарбызды Ресейге экспорттау басталды

© Photo : Pixabay / grantourҚарбыз бен қауын
Қарбыз бен қауын - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Жазылу
Биыл қарбыз егіс алқабы 20 мың гектар, ал қауын алқабы 42 мың гектар болды
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Түркістан облысында 1100 тонна қауын мен қарбыз жиналды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Түркістан облысының фермерлері биылғы бақша дақылдарының алғашқы өнімін ала бастады. Бүгінгі күнге дейін 600 тонна қарбыз және 500 тонна қауын жиналды.
Түркістан облысы бау-бақша жағынан елдегі алдыңғы қатарлы аймақтардың бірі. Биыл қарбыз егіс алқабы 20 мың гектар, ал қауын алқабы 42 мың гектар болды", - деп жазылған хабарламада.
Бақша дақылдары егілген алқаптардың көп бөлігі Жетісай ауданында. Биыл мұнда 80 мың гектар суармалы жерге егін егілді, оның 17,1 мың гектарын бақша дақылдары алып жатыр.
Жаңа өнімнің алғашқы легі Қазақстанның ірі қалаларына жөнелтілді. Сонымен қатар Ресей Федерациясына экспорттау басталды.
Алдағы апталарда жинау жұмыстарының қарқыны арта түспек. Өндіріс көлемінің ұлғаюы ішкі нарықты отандық бақша өнімдерімен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық тасымалдарды кеңейтуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.
Түркістан облысының диқандары алғашқы қарбыз өнімін жинай бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Түркістан облысының диқандары алғашқы қарбыз өнімін жинай бастады
Жаңалықтар
0