Түркістан облысының диқандары алғашқы қарбыз өнімін жинай бастады

© Photo : су ресурстары және ирригация министрлігіТүркістан облысының диқандары алғашқы қарбыз өнімін жинай бастады
Түркістан облысының диқандары алғашқы қарбыз өнімін жинай бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта Жетісай ауданында бақша өнімдерін, көкөніс пен жоңышқа алқаптарын суару жұмыстары жалғасып жатыр
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Түркістан облысының Жетісай ауданындағы шаруалар биылғы алғашқы қарбыз өнімін жинауға кірісті, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.
"Бахарам" шаруа қожалығы егістік алқаптарын К-30 каналы арқылы келетін сумен қамтамасыз етіп отыр. Диқандардың айтуынша, суару суы тұрақты әрі уақытылы жеткізіліп отырған.

"Биыл 10 гектар жерге қарбыз ектік. Қазір алғашқы өнімді жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Су мәселесі болған жоқ", - деді "Бахарам" шаруа қожалығының төрағасы Шакирбой Раджапов.

Жыл басынан бері Түркістан облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне 1 миллиард текше метрден астам су берілді. Оның 307 миллион текше метрі Жетісай ауданына тиесілі.
Аудан бойынша бақша дақылдарын суаруға 53,8 миллион текше метр су жіберілген. Қазіргі уақытта Жетісай ауданында бақша өнімдерін, көкөніс пен жоңышқа алқаптарын суару жұмыстары жалғасып жатыр.
Түркістан облысының диқандары қауынның алғашқы өнімін жинай бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2026
Түркістанда қауын пісті
Жаңалықтар
0