Әр өңірден келген оқушылар Ақорданы аралады

© Photo : АқордаӘр өңірден келген оқушылар Ақорданы аралады
Әр өңірден келген оқушылар Ақорданы аралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Жазылу
Экскурсия соңында балаларға президент атынан естелік сыйлықтар табысталды
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашты, деп хабарлады Ақорда.
Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.
"Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.
Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады.
Экскурсия соңында балаларға президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Токаев посетил Центр креативных технологий TUMO Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2026
Мемлекет тарапынан әрбір балаға қамқорлық жасалып жатыр – Тоқаев
Жаңалықтар
0